Ақша

Вице-министр 42 500 теңгені кімдер екінші рет алмайтынын айтты

19749
(Жаңартылды 12:13 21.04.2020)
Әлеуметтік жәрдемақыны екінші рет алу үшін қосымша өтініш берудің қажеті жоқ, екінші төлем сәуір айының соңына дейін төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде жұмысқа шыққан азаматтарға 42 500 теңге екінші айға төленбейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, әлеуметтік жәрдемақыны екінші рет алу үшін қосымша өтініш жазудың қажеті жоқ. Десе де, екінші төлем бәріне бірдей бұйырмайды. Оған себеп – кәсіпорындардың кезең-кезеңмен іске қосылуы. 20 сәуірден астана мен Алматы қаласында бизнестің кейбір субъектілері жұмысын бастады.

"Біз аудандық жұмыспен қамту штабтарымен бірге міндетті түрде деректерді салыстырамыз. Жұмысқа шығып, табысын қалпына келтіре бастаған жұмысшыларға екінші айға төленбейді. Бұл үшін egov.kz порталында арнайы форма әзірленді. Ол жерде кез келген адам жұмысына оралғанын хабарлап, төлемнен өздігінен бас тарта алады", - деді Мұқышев әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында.

Ал қалғандарына, вице-министрдің айтуынша, 42 500 теңге екінші рет төленеді.

"Екінші төлем біріншісін алғаннан кейін бір айдан соң, бірақ төтенше жағдай аяқталғанға дейін төленеді. Сәуір айының соңына дейін барлығы екінші төлемін алады",- деді ол.

Тағы оқыңыз: Министр 42 500 теңге алғандарға қатысты тараған әңгімеге нүкте қойды

Бұған дейін әлеуметтік төлем 3,6 миллион адамға төленгені хабарланған еді. Тағы үш миллиондай адам әртүрлі себепке байланысты жәрдемақыға ілікпей қалған.

Еңбек министрлігі 42 500 теңге алғаны үшін бірде бір адам қылмыстық жауапқа тартылмайтынын мәлімдеді.

19749
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, әлеуметтік төлем, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (401)
Тақырып бойынша
Үш млн адамға 42 500 теңге неге төленбегені белгілі болды
42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма?
Министр 42 500 теңге барлық адамға не себепті берілмейтінін түсіндірді
Вице-министр 42 500 теңгеге қатысты тың ақпаратты бөлісті
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

825
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

825
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

127
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

127
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

1
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

1
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (401)