Архивтегі фото

Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жіберді

231
Ресейден Қазақстанға COVID-19 тестеріне арналған 38 мыңнан астам реагент жөнелтілді. Жазға дейін тағы қосымша диагностикалық жиынтықтар жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған реагенттердің үшінші партиясын жөнелтті.

Препараттар барлық қауіпсіздік шарасы сақтала отырып жеткізіледі, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

"Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің өтініші бойынша Қазақстанның Ресейдегі елшілігі коронавирусты тексеру өндірісі үшін елге 38 мың реагент жіберді. Дәрі-дәрмектер санитарлық қауіпсіздік ережелері мен тасымалдау ережелерін сақтай отырып, Қазақстанға автобуспен жеткізіледі", - деп жазылған дипломатиялық өкілдіктің сайтында.

Бұл Қазақстан елшілігінің көмегімен жіберілген реагенттердің үшінші партиясы.

Бұған дейін Ресей қазақстандық тарапқа коронавирус диагностикасына арналған 40 тест жиынтығын және зерттеуге арналған 100 жиынтық жіберді.

Оқи отырыңыз: Әзірге вирустың шарықтау шегінде тұрмыз – Біртанов 

Маусым айына дейін Қазақстанға диагностикаға арналған тағы 100 жиынтық және 1250 реагент жиынтығын тапсыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1977 адам жұқтырды, 489 адам жазылды, 19 адам қайтыс болды.

231
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей
Тақырып бойынша
Алматыда тағы 127 медицина қызметкерінен коронавирус табылды
Діни басқарма төтенше жағдайда кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын айтты
Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандық дәрігерлер зейнетақы жарнасы мен салықтан босатылды
Тоқаев телевизиялық үндеу жариялайды
Димаш Құдайберген

Димаш Құдайбергенді әріптестері мен жанкүйерлері қалай құттықтады

231
(Жаңартылды 20:40 24.05.2020)
Қазақ эстрадасы әншілерінің бірқатары Димашқа ақ тілегін арнады. Оның ішінде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі бар

АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 24 мамырда 26 жасқа толды. Соған орай әншінің әріптестері мен тыңдармандары құттықтау хаттарын жолдап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Алғашқылардың бірі болып Димаш Құдайбергенді әкесі Қанат Айтбаев пен анасы Света Айтбаева Instagram-да құттықтады.

"Ғұмырың ұзақ, бақытты болғай, Ақ Диком! Алар асуларың биік, тұғырың берік болсын! Армандарың орындалғай! Туған күніңмен!", - деп жазды Айтбаевтар.

Әншінің өзі туған күнінде ата-анасына құттықтау жолдады.

"Менің 26-шы туған күнім келді. Ата-анамды менің туған күнімен құттықтаймын", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Қазақ эстрадасы әншілерінің бірқатары Димашқа ақ тілегін арнады. Оның ішінде Мақпал Жүнісова, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі бар.

"Алты құрлыққа алты алаштың атын аспандатқан ардақты ұл, туған күніңмен! Әуен көгінде әуелей бер, әлем әншісі", - деп жазды Майғазиев.

Ал әнші Төреғали Димаштың соңғы 2-3 жылдағы жетістігіне баға берді.  

"Димаш – көп айтуды, артық таныстыруды қажет етпейтін азамат. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі имиджіне жүздеген жоба, миллиондаған, миллиардтаған ақша салынды, салынып жатыр. Әрине, мемлекеттің ол жұмысы да нәтижесіз емес, десе де соңғы екі-үш жылдағы Димаштың шыққан биігі біздің елімізді қандай биікке көтергенін бәріміз көріп отырмыз", - деп жазды Төреғали.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

Ол Францияда өнер көрсеткен Әміре Қашаубаев пен Ла Скалада ән салған Амангелді Сембинді мысал етті.

"Жиырмасыншы ғасырда Әміре атамыздың Францияда өнер көрсетуі, қазақ әнінің кереметіне әлем халқын ұйытып, тыңдатуы бір құбылыс болды, бірақ ол кезде біз бодандық бұғауында бұлқынып өз мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық. Ақыры сол сапары қайталанбас әншінің басына сор болып жабысып, тағдырын тәлкекке салған деседі. Ла Скалада ән салған тұңғыш қазақ – Амангелді Сембин еді. Өкінішке қарай ол ағамыз да қарымын толық жаза алмай, көп арманы ішінде қалды. Саяси жағдайлар араласып кеткенге ұқсайды. Енді жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп, әлем аспанын ән шұғыласына бөлеп, анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген Димаш бауырымыз болды", - деп жазды әнші.

Димашты өзімен және әнші Қайрат Нұртаспен салыстыратындарға да тоқталды.

"Димашты сырттай менімен, Қайратпен салыстырып, аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып, қынжылып қаламын. Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор, жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып, бақастық туралы ойлап көрмеппіз. Бүгінгі туған күнің құтты болсын, Димаш! Алла жолыңды ашық қылсын, бауырым!", - деп жазды ол.

Ал әнші Қыдырәлі Болманов ақжарма тілегін білдірді.

"Туған күнің құтты болсын, бауырым! Алла тіл-көзден, кесапат-қырсық, бәле-жаладан, ауру-сырқаудан, қауіп-қатерлерден пана болсын, сақтап жүрсін! Қазақ елі өзіңе тілектес. Екі өмірдің абырой, бақытын нәсіп етсін", - деп жазды Болманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театр директоры Асхат Маемиров те Димашты құттықтап, бірге түскен фотоларын жариялады.

231
Кілт сөздер:
туған күн, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген Еуропаға гастрольдік сапарын тоқтатты
"Өзгеріп кеткен": Димашпен суретке түскен Иманғали Тасмағамбетовті жұрт танымай қалды
Рига әуежайында жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қазақша әнмен қарсы алды  
Димаш Құдайберген Кремльде жаңа әннің тұсауын кесті – видео
Димаш тағы бір талантымен жанкүйерлерін тәнті етті – видео
Копии славянских рукописей представили в Российском центре науки и культуры в Нур-Султане

Қазақстанда Славян жазуы мен мәдениеті күні қалай аталып өтті

78
(Жаңартылды 16:24 24.05.2020)
Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған іс-шаралар коронавирус пандемиясына байланысты қашықтықтан ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанда Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған мерекелік концерттер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл шаралардың барлығы қашықтық форматында ұйымдастырылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы.

"Славян жазуы мен мәдениеті күні көпұлтты Қазақстан үшін өте маңызды", –  деді Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Әлия Жақпарова. – Сондықтан біз музыкант достарымызбен бірге орыс классиктерімен қатар түрлі елдер композиторларының туындылары орындалатын онлайн-концерт ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Осылайша біз қазақстандықтардың халықтар арасындағы достықты, сенім мен өзара түсіністікті сақтауға және нығайтуға деген ұмтылысын білдіргіміз келеді".

Оның айтуынша, студенттерге бұл ерекше жобаны дайындауға ұстаздары – Батыржан Смақов пен Раушан Бескемпірова және Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының қызметкерлері көмектескен.

Дәл осы күні Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні – 6 маусымда аталып өтетін алдағы Орыс тілі күніне арналған республикалық онлайн-фестиваль басталды.

Фестивальді өткізуге "Согласие" орыс мәдени орталығы (Қарағанды) бастамашы болды.   

"Біздің идеямыз Қазақстан билігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ресейдегі отандастар ұйымдары тарапынан қолдау табатынына сенімдімін", – деді "Согласие" орталығының басшысы Степан Ведюнин. – Ресей елшілігі мен Россотурничество өкілдігі ең алдымен этностар арасындағы қатынастарды үйлестіруге бағытталған маңызды жобаны іске асыруға көмектесуге дайын екенін білдірді".  

Россотрудничество өкілдігі ұйымдастырған дөңгелек үстелге түрлі елдің филологтары үлкен қызығушылық білдірді, ол да қашықтық форматында өтті.

Қазақстан, Ресей, Болгария, Германия және Украинаның мамандары Ұлы Отан соғысы славян тілдеріне (славян ғана емес!) қалай әсер етті деген тақырыпты талқылады. Қызу, ашық әңгіме барысында Олжас Сүлейменовтің "Аз и Я" кітабының түркілер мен славяндар арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды заманға сай түсінудегі рөлі мен маңызы туралы көп айтылды.      

78
Тақырып бойынша
Нығматулин қазақ тіліндегі сұраққа орысша жауап берген шенеунікті ұялтып тастады
Алаш идеясы тығырыққа тірелді: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті
Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлымен сұхбат: "Назарбаевтың айтқаны болмады"
Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты
Саяси қайраткер және халық жазушысы Олжас Сүлейменов жайлы не білеміз
Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды

Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

4
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол апатын жасаған жүргізуші мас болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Алматыдағы блок бекеттердің бірінде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Трагедия дүйсенбі таңертеңгі сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болды. Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан "BMW" маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1992 жылы туған А.есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әзірге алынбайды – денсаулық сақтау министрлігі   

Алдымен бетон қоршауға барып тиген, содан кейін инерциямен патрульдік көлікке соқтығысқан, оның салонында екі полиция қызметкері отырған. Өкінішке қарай, патрульдердің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Оның әріптесі Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

"BMW" жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

4
Кілт сөздер:
жол апаты, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтаннан шыға алатындар тізіміне тағы бір санат қосылды
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Нұр-Сұлтан айналасындағы блок бекеттер қашан алынады
Алматыдағы блок бекеттерге адамдардың не үшін жиналғаны белгілі болды