Қоғам

Видео желіде тарап кетті - астаналық полицейлер оқиғаның мән-жайын түсіндірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға 19 сәуірде сағат кешкі бес шамасында "Байқоңыр" ауданында болған. Полицейлер желіде тараған видео толық емес екенін айтты

АЛМАТЫ, 22 сәуір –Sputnik. Желіде полицияның ер адамды жерге құлатып ұстаған видео тарады. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұл видеоның толық емес екенін мәлімдеді, деп жазды Polisia.kz порталы.

Анықталғандай, оқиға 19 сәуірде болған. Сағат 17.00-де "Байқоңыр" ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен қорғаныс министрлігінің екі әскери қызметкері жоспарға сәйкес көшелерге рейд жүргізуге кіріскен.

Патрульдеу барысында сағат 18.45 шамасында тұрғын оның көршілері аулада спирттік ішімдік ішіп, шулап, бөтелке сындырып, көршілердің ескертулеріне құлақ аспайтынын айтқан. 

Полиция қызметкері мен әскери қызметкерлер аталған мекенжайда қоғамдық тәртіпті бұзушы он шақты адамды тапқан. Ішінде үш әйел бар.

Олар тәртіп сақшыларының карантин режимін бұзбау жөніндегі ескертуіне наразылық танытып, жұдырық ала жүгірген. 1992 жылы туған ер адам бұған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мас тұрғын полицейлерді балағаттап, киімін жыртты. Оның жанындағы адамдар болса, тәртіп сақшыларына тас лақтыра бастады. Полицияның қосымша күшін шақыруға тура келді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейді теуіп, әскери қызметшінің құлағын тістеп алды – видео

Тәртіп бұзғандардың бәрі "Байқоңыр" ауданындағы полиция басқармасына жеткізілді.

Оқиғаға қатысты азамат Заболотинге қылмыстық кодексті 380-бабы 9-бөлігіне ("төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкіліне қатысты күш қолдану") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол тергеу судьясының санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Оқиғаға қатысқан өзге адамдарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі хаттама толтырылды.

Жаңалықтар
0