Қоғам

Жемқорлықпен ұсталған әрбір төртінші адам – мемлекеттік қызметкер

© SputnikМужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото
Мужчина кладет деньги в карман пиджака, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлықпен ұсталғандардың басым бөлігі ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Ал осыған ұқсас қылмыстардың өршуі бойынша алты облыс алдыңғы орынға шыққан

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ішкі істер министрлігінің 70 қызметкері жемқорлық фактісі бойынша ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл жемқорлықпен ұсталғандар саны тоғыз процентке өскен. Олардың ішінде әрбір төртінші адам – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жетекшісі.

"Жалпы алғанда 417 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 11-і республикалық деңгейдегі, 37-і облыстық, 35-і қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар", – деді Жақсыбеков брифингте.

Оның айтуынша, орталық мемлекеттік органдардағы жемқорлық фактісінің 57%-і – ішкі істер министрлігіне тиесілі.

"Орталық мемлекеттік органдардағы жемқорлық фактісіне келер болсақ, жемқорлықпен ұсталғандардың 57%-і – ішкі істер министрлігінің қызметкері. Бұл органның 70 қызметкері жемқорлықпен ұсталды. Сондай-ақ, экология министрлігінің 10 адамы, ауыл шаруашылығы министрлігінің тоғыз адамы, қаржы министрлігінің тоғыз адамы және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сегіз адамы ұсталды", – деді ол.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар бойынша ұсталғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Павлодар облысы әкімдігінен анықталған.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Жалпы алғанда Қазақстанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жемқорлыққа қатысты қылмыс 12%-ке қысқарған.

"Өткен жылдың бірінші тоқсанындағы нәтиже туралы айтсақ, бұл кезеңде 892 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 77%-і ұрлық пен пара алу фактісі. Салыстырып қарасақ жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер 12%-ке қысқарды. Бұл ең алдымен алдын алу шараларының тиімді жүргізілгені және төтенше жағдайдың енгізілуімен байланысты", – деді Жақсыбеков.

Оның айтуынша, аталған кезеңде аса ауыр қылмыс екі есеге артқан. Ауыр қылмыс 12%-ке көбейген.

Жаңалықтар
0