Архивтегі фото

"Сіздерге маска түсті ме?" деген сөзді айтқан әйелдердің үйіне лезде полиция барады

4471
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер "Сіздерге маскалар мен антисептиктер түсті ме?" деген құпия сөзді қолданып, көмек ала алады

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Нұр Сұлтан полицейлері зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға құпия сөзді қолдануға кеңес берді. 

БҰҰ мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясына байланысты көп елде карантин шаралары енгеннен кейін, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өскені байқалған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты мамандар зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда, шағымдану алгоритмін, дағдарыс орталықтарының мекен-жайын және сенім телефондарын пайдалануды ұсынды.

"Дереу полицияға 102 телефонына хабарласыңыз. "Сіздерге маскалар мен антисептиктер түсті ме?" деген құпия сөзді қолданыңыз. Осылайша, отбасындағы зорлық-зомбылықты жасырын хабарлауға болады. Содан кейін тұрғылықты мекен-жайды көрсету керек", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-өтінім жіберуге болады. 

"Сіз полиция қызметкерінен тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жерге барып, құқық бұзушыға қарсы шара қолдануды талап етуге құқылысыз", – дейді департамент өкілдері.

Жарақат алған жағдайда 103 телефонына хабарласып, жедел жәрдем шақырып, сот-медициналық сараптамадан өтуге полиция қызметкерінен анықтама алу керек.

Сондай-ақ республикада балалар, жастар мен ересектерге зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда 150 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Күйеуі ұрып-соғатын әйелдер өзін қалай қорғай алады - мамандар кеңес берді

Сауалдарды telefon150.kz сайтында немесе +77081060810 whatsapp анонимді нөмірі арқылы жолдауға болады.

Сонымен қатар елордада дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Онда әйелдерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, учаскелік инспекторлармен, қажетті ұйымдармен байланысу жолдарын ұсынады. Шағымның анонимдігі мен құпиялығына кепілдік беріледі.

"Өміріңізге қауіп төнген жағдайда, көмек cұрау үшін орталықтарға жүгіне аласыз", – делінген хабарламада.

Орталықтардың мекен-жайы және байланыс телефондары:

  •  "Үміт" дағдарыс орталығы" КММ, сенім телефоны: +7 7172 49-78-89 e-mail: centr_07_2013@mail.ru 
  • "Қорғау-Астана" жеке қоры, сенім телефоны: +7 7172 63-46-01, 30-60-73 e-mail: Korgau_astana@mail.ru. 

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанынан әйелдерге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсететін әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің әйелдерді қорғау бөлімшесі қиын жағдайға тап болғандарға заң жүзінде кеңес беруге, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету үшін 8 (7172) 71 60 63 сенім телефонын ұсынады.

4471
Кілт сөздер:
полиция, әйелдер
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (396)
Тақырып бойынша
Тоқаев педофилияға қарсы қылмыстық жазаны қатаңдатуды тапсырды
Алматыда белгілі әртістің әйелі күйеуінен көрген қорлығын жайып салды
Нұр-Сұлтанда 7 жасар баланы анасының көңілдесі көк ала қойдай етіп сабаған
Петропавл тұрғынының әйеліне көрсеткен азабы дүйім жұрттың жағасын ұстатты
"Әлі де жеңілдеу": сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты
Сыбайлас жемқорлық

Сөмкесінен екі бума ақша шықты әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

2
(Жаңартылды 13:49 28.05.2020)
Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

2
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

14
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

14
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды