Ауызашар

Бекшин Рамазан айында ауызашар бергісі келетіндерге кеңес берді

4339
(Жаңартылды 18:11 22.04.2020)
Қоғамдық орындарда ауызашар жасауға тыйым салынған. Алайда мұсылман адам жеткізу қызметін пайдаланып, өзінің достары мен таныстарына тамақ бере алады

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ораза ұстауға ниет етіп жүрген адамдарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдайды ескеріп, мешітте тауарих намазы оқылмайтынын хабарлады. Біз де осы шешімді толық құптаймыз. Намазды әркім өз үйінде оқуы тиіс және жеке гигиенаны сақтауы қажет. Қолды жиі жуып, жеке жайнамазды қолдануы керек", - деді Бекшин.

Діни басқарма төтенше жағдайда кімдерге оразаны кейінге қалдыруға болатынын айтты 

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері қоғамдық орындарда ауызашар беруге тыйым салынғанын айтып өтті.

"Егер кім де кім мұсылман ретінде өз міндетін орындағысы келсе, онда жеткізу қызметін пайдаланып, өзінің достары мен таныстарына тамақ бере алады. Ол тамақ оралған болуы керек және азық-түлікті жеткізумен айналысатын компанияның қызметіне жүгінуі қажет", - деді ол.

Сонымен қатар Рамазан айында мұқтаж жандарға қаржылық көмек көрсетуге болатынын айтты.

"Азық-түлікке мұқтаж отбасыға көмек көрсетіп, ауызашар беруді осындай игі істермен алмастыруға болады", - деді ол.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин тұрғындарға жеке гигиенаны сақтап, қолды жиі жууға, пайдалы өнімді қолдануға кеңес берді.  

4339
Кілт сөздер:
ауызашар, Рамазан
Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)
Тақырып бойынша
Бас мүфти Рамазан айында қандай игі іс жасап сауап алуға болатынын айтты
Бас мүфти: Рамазан айында қауіпсіздік шараларына аса мән беруіміз керек
Алматы облысында ауызашарда отырған жұрт баспанасын тастап қашты
Рамазан-2020: Ораза кестесі шықты  
Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма – мүфтият жауабы
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

14
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

14
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

33
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

33
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

0
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

0
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы