Тедрос Адханом Гебрейесус

"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 

1904
Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекеттер шектеу шараларын жеңілдетсе, індет кеңінен таралып кетуі мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұйым басшысы COVID-19 вирусының әр жерде әрқалай таралып жатқанын жеткізді. Мәселен, Батыс Еуропада науқастардың саны біртіндеп азайса да, Шығыс Еуропа, Африка, Орталық және Оңтүстік Америка жерінде індет бәсеңдемей тұр.

"Көптеген мемлекет эпидемияның алғашқы кезеңіне ғана кірді. Ал вирусқа бұған дейін тап болған елдерде коронавирусқа шалдығу жағдайлары қайтадан басталды. Қателік жасамаңыздар, бізге ұзақ жолды еңсеру керек. Мына вирус бізбен ұзақ уақыт болады", - деді Гебрейесус Женевада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта эпидемия қайта жандануы мүмкін. Сондықтан шектеу шараларын жеңілдетуге асықпау қажет.

Оқи отырыңыз: Мамырда карантин ұзартылуы мүмкін, бұл қауіпті кезең – денсаулық сақтау министрі 

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры дабыл қағып, кейбір мемлекеттердің шектеу шараларын жеңілдетіп жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын. Себебі коронавирустың қаупі әлі сейілген жоқ. Шектеу шараларын азайтса, індет кеңінен таралып кетуі әбден мүмкін.

"Бізге сеніңіздер. Қиын сәттер әлі алда. Осы трагедияны тоқтатайық. Бүгінде адамдардың көбісі бұл вирустың не екенін әлі де түсінбейді", - деп атап көрсетті Гебрейесус.

Ұйым басшысы қазіргі жағдайды 1918 жылғы "испанка" деген эпидемиямен салыстырды. Сол кезде 100 миллион адам қайтыс болған.

"Алайда қазір бізде технологиялар бар. Соның арқасында апаттың бетін қайтара аламыз. Ондай дағдарысты қайтаруға күшіміз бар", - дейді Гебрейесус.

1904
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1533)
Тақырып бойынша
Коронавирус қандай температурада жойылатыны анықталды
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Тоқаев коронавирусты анықтайтын тест әзірлеген ғалымдарға хат жолдады
Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады
Коронавирус індетін жұқтырып алудың ең ықтимал жолы анықталды
Зертхана қызметкері

Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

14
(Жаңартылды 08:37 25.09.2020)
Ведомство дерегінде коронавирус жұқтырудың ең көп жағдайы Шығыс Қазақстан облысында тіркелгені көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте республикада коронавирустық инфекцияның 61 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"61 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, республика бойынша ауырғандар саны 107 590 адамға жетті.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Алматыда – 14 364 (+5),
  • Нұр-Сұлтан – 14 050 (+5),
  • Атырау облысы – 11 067 (+3),
  • Қарағанды ​​облысы – 10 246 (+6),
  • Шығыс Қазақстан облысы –- 8 644 (+18),
  • Батыс Қазақстан облысы – 6 850 (+3),
  • Шымкент – 5 188 (+0),
  • Алматы облысы – 4 955 (+2),
  • Жамбыл облысы – 4 120 (+1),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 4 071 (+5),
  • Павлодар облысы – 3 897 (+4),
  • Қостанай облысы – 3 475 (+3),
  • Ақмола облысы – 3 471 (+3),
  • Түркістан облысы – 3 373 (+2),
  • Маңғыстау облысы – 3 338 (+0),
  • Қызылорда облысы – 3 242 (+0),
  • Ақтөбе облысы – 3 239 (+1).

Ведомствоаралық комиссияның дерегінше, елімізде 102 360 адам жазылып шығып, 1 699 науқас аталған індет салдарынан қайтыс болды.

14
Кілт сөздер:
қайтыс болды, емделу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1533)
Тақырып бойынша
Ғалымдар COVID-19 бен тұмауға қарсы аралас вакцина жасау жоспарын жария етті
Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы қанша уақытқа жалғасатынын айтты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
"Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты
Күнге қол созған адам

Алматыда COVID-тен жазылғандар оңалту орталығына ағылып жатыр: мамандар себебін түсіндірді

19
(Жаңартылды 08:16 25.09.2020)
Мамандардың айтуынша, тіркелген емханағадағы реабилитологтардың қорытындысымен ауру санатына қарай шипажайларға жолдама алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Коронавирустан жазылып шыққандар медициналық оңалту орталықтарына ағылып жатыр. Әсіресе, психикалық тұрғыдан көмекке зәру жандар көп, деп хабарлайды КТК арнасы.

Емханада физикалық жаттығулардан бөлек, әр адамның хәліне қарай түрлі курстар бар. Сандуғаш есімді келіншек коронавирус дертінен айыққанымен, үрейінен арыла алмаған. Ол Алматыдағы оңалту орталығына алғашқылардың бірі болып жазылып, қазір жайсыз көңілі қалпына келіпті.

"Емделген соң оңалту орталығына келдім. Екі-үш апта бойы тыныстап демалу жаттығуларын жасап, осындай күйге жеттім. Жақсы болып қалдым" деген ол мұндай қызмет өзіне ұнағанын айтады.

Алматыдағы №4 қалалық емхана тамыздан бері Сандуғаш секілді 70 науқасқа көмек берген. Мұнда келген әр адамға вирус түрлі әсер қалдырған. Оларға физикалық, психологиялық жаттығу, массаж секілді түрлі ем ұсынылады.

"Әрбір бағдарлама жекелей қаралады. Спорттық жаттығу оңалтудың ең үлкен бөлшегі және қосымша бізде массаж кабинеттері бар. Сондай-ақ, инемен емдеу мен тыныс алуды емдейтін қосымша тұз шахтасы да бар", – дейді емхана реабилитологы Айгүл Сұлтанбек.

Емханада тіркелген науқастар еш кедергісіз осы емнің бәрін тегін қабылдайды. Тек, қолында ПТР-тест қорытындысы болуы шарт. Оңалту курсы он күнге созылады. Ал мұнда келуге мүмкіндігі жоқтарға мамандар онлайн жаттығу өткізеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында әр науқас санатына қарай оңалту орталығына жолдама алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Болат Төкежанов өте ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырғандар тәулік бойы стационарда екі кезең оңалтуға жатқызылатынын айтады.

"Кейіннен үшінші кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ, пневмонияны басынан өткізген жандар стационар деңгейінде, оның ішінде санаторияық курорттық жағдайларда, күндізгі стационарда оңалту ем-шараларын қабылдайды", – дейді ол.

Оқи отырыңыз: Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты

Мамандардың айтуынша, тіркелген емханадағы реабилитологтардың қорытындысымен ауру санатына қарай шипажайларға жолдама алуға болады. Өйткені, осындай оңалтуға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан биыл 46 миллиард бөлініпті. Шипажай, емхана, тағы да басқа емдеу, демалыс орындары бар жалпы 559 мекемемен келісім-шарт жасалған.

19
Кілт сөздер:
емделу, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1533)
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Карантиндегі көмек: Қазақстанда жаңа сайт іске қосылды
"Сіздерге маска түсті ме?" деген сөзді айтқан әйелдердің үйіне лезде полиция барады
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Полицей әйел жалғызбасты әкеге үш баланы тәрбиелеуге көмектесіп жүр – видео