Қоғам

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдайға тұспа-тұс келді – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневКасым-Жомарт Токаев - президент Казахстана
Касым-Жомарт Токаев - президент Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан басшысы мұсылмандарды Рамазан айының басталуымен құттықтап, діни басқарманың ұсынымдарын орындауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Ақорданың сайтында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы жарияланды.

"Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі", - деп жазылған құттықтауда.

Карантин кезіндегі Ораза: қасиетті Рамазан айы басталды 

Тоқаев Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құратынын атап өтті. Ал отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

"Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын", - деді президент. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы қанына сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез келген сынақтан абыроймен өтетініне сенім білдірді.

"Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деп түйіндеді Тоқаев. 


Жаңалықтар
0