Астана көшелерін күзету

Таразда 80 полиция көлігі түнде орталық көшеге жиналды видео

5168
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын төтенше жағдай талаптарын сақтауға үндеп, ерекше бейнеролик түсірді

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Тараздың орталық көшесінде 80 патрульдік көлік түнде "Үйде бол" деген жазу құрастырды.

Осылайша полицейлер қала тұрғындарын ерекше әдіспен карантин режимін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 80 патрульдік көлікпен орталық көшеде "Үйде бол" деген жазу құрастырып, бейнеролик түсірген.

Әсерлі бейнеүндеуге Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов те қатысты.

"Барлық іс-шара сіздердің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды қорғау үшін жасалып отыр. Карантин режимінің тезірек аяқталуы сіздерге байланысты", - деді ол облыс халқына.

Коронавирусқа байланысты күшейтілген шараларға қарамастан, кейбір адамдар үйден себепсіз шығып, карантин талаптарын сақтамауда.

Статистикаға көз жүгіртсек, төтенше жағдай кезінде облыста 700-ден астам заңбұзушылық анықталған.

5168
Кілт сөздер:
полиция, видео, карантин, Тараз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (396)
Сыбайлас жемқорлық

Сөмкесінен екі бума ақша шықты әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

1
(Жаңартылды 13:49 28.05.2020)
Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

1
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

12
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

12
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды