Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова

Мәдени іс-шаралар тоқтатылды, ал қаржы қалай игерілуде министр жауап берді

307
(Жаңартылды 13:36 24.04.2020)
Карантин режимі енгізілуіне байланысты қазіргі кезде спортшылар үйде дайындалып жатыр. Ал мәдени іс-шаралар онлайн режимге ауысты

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдайға байланысты көптеген мәдени іс-шаралар тоқтатылды және бөлінген қаржы оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин режимі енгізілген уақыттан бастап елімізде онлайн форматта 15 мың іс-шара өткізілген.

"Мәдениет және спорт министрлігі мен "Қазақтелеком" АҚ бірге ұйымдастырған "Карантиндегі жұлдыз" онлайн жобасына көрермендер жылы пікір білдіруде. Жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен 15 миллион көрерменге дейін қамтыған 30 онлайн концерт өтті", – деді Райымқұлова.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуына байланысты бастапқыда министрлікке бөлінген қаржының қалай жұмсалып жатқанын айтты.

"Карантин режимі енгізілуіне байланысты спорттық шараларға бөлінген қаржы үнемделді. Қазір спортшыларымыз үйде дайындалып жатыр. Мәдени іс-шаралар да онлайн режимге ауысты. Расында да, бөлінген қаржы оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды", – деді министр.

Ол қоғам арасында "Оқырман кітабы қандай?" челленджінің қазақстандықтар арасында кең таралып жатқанын атап өтті.

"Қазақстандық мәдениет қайраткерлері бастаған және мемлекет басшысы қолдау көрсеткен әркім өзі оқып жатқан кітап, газет, журналдар тізімін көрсететін "Оқырман кітабы қандай?" челленджі көрермендер мен оқырмандар тарапынан қызу қолдау тапты", – деді Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бұқаралық спорт шараларының барлығы тоқтатылды

Министрдің мәлімдеуінше, "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ киносының алтын қоры" жобасы аясында 1938-2020 жылдар аралығында түсірілген 60-тан астам фильмді YouTube арнасына жүктеген. Сондай-ақ, әр жексенбіде КТК арнасындағы "Домашний кинотеатр" киноморафоны аясында соңғы 15 жыл ішінде түсірілген үздік картиналар 24 мамырға дейін көрсетіледі.

307
Кілт сөздер:
онлайн режим, карантин, Мәдениет және спорт министрлігі, Ақтоты Райымқұлова
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
Алматыда мемлекеттік спорт ұйымдарында оқу-жаттығу жұмысы тоқтатылды
"Келесі жолы жарысқа қатысамын": Спорт министрі жұртты таңғалдырды
"Мынау масқара ғой": Нығматулин мәдениет министрлігіне шүйлікті
Спорт министрлігі Қазақстандағы спорт шараларын тоқтатқан жоқ
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

103
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

103
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

104
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

104
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

0
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

0
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы