Әзірет Сұлтан мешіті

Ораза кезінде орындайтын 10 амал

1074
24 сәуірде басталған Рамазан айы отыз күнге созылады, төтенше жағдайға байланысты мешіттерде жамағатпен оқылатын намаздарға шектеу қойылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразада орындайтын он амалды атады.  

Құранмен дос болу

Құран оқылған, оған амал етілген үйде Алланың берекеті орнайды. Ардақты Пайғамбарымыз: "Үйлеріңізде Құран Кәрімді көп оқыңыздар..." деп өсиет еткен. Өйткені, "Құран оқу – көңілдің шипасы" (хадис).

Алла елшісі Рамазан айында Құранды бірнеше рет хатым ететін. Қасиетті кітапты хатым етумен қатар, жаттауға, оған амал етуге тырыссақ – нұр үстіне нұр. Арапшадан оқи алмайтын адам аудармасын оқыса да сауап алады. Алланың мейірімі кең, ол кеңшілік иесі. Ниетке сай сауабын береді.

Түнді намазбен өткізу

Түнгі намаз – жүректің тыныштығы, екіжүзділік дертіне шипа, Алламен берік байланыс орнататын риясыз құлшылық.

Тағы оқыңыз: Рамазан - 2020: Ораза кестесі

"Түнгі намазға аса мән беріңдер. Сендерден алдын өткен ізгі адамдар оны үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз Жаратушыға жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі іске баруға тосқауыл болады" (хадис).

Рамазанда оқылатын тарауық намазына тахажуд қосылса – құба-құп.

Ұдайы дұғада болу

Дұға – мұсылманның қорғаны. "Дұға – ғибадаттың мәні" (хадис). Алла Тағала "Мүмин" сүресінің 60-аятында: "Менен сұраңдар. Тілектеріңді қабылдаймын", – деп уәде еткен.

Таңғы және кешкі, жұма және Қадір түнінде, т.б. уақыттарда айтылатын дұғаларға мән беру қажет.

Біздің бір басымызда қаншама проблема толып жатыр. Оның сыртында отбасымыз, туған-туыстарымыз, дос-жаран мен көршілеріміз үшін екі дүние игілігі тілейтін дұғамыз бар.

Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай. Бір-бірімізге дұғада болайық. Алла Тағала жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жолығуды жазсын. Еліміз бен жеріміздің берекеті үшін де дұға жасауды ұмытпайық.

Пітір садақасын беру

Садақа – жамандықты жоятын амал, айналамыздағы көмекке зәру адамдардың ақысы.

Пітір садақасы – Рамазан айында пенделікпен жасап қойған қате-кемшіліктеріміздің өтеуі, жетіспеушілік салдарынан көңілі жабырқаған жарлы-жақыбайлардың ақысы. Басымыздың аманында, қолда аз-кем ақшаның барында пітір садақасын беріп, қоғамға шарапатымызды тигізейік.

Тағы оқыңыз: "Суды көбірек ішу керек": бас санитар ораза ұстайтындарды сақтандырды

Садақа – дәулетіміздің берекесін арттыратын амал. Мал-мүлік нәсіп еткен Алланың жолында жақсылық жасап, көптің тілеуін неге алмасқа?! "Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың" (хадис).

Ауызашар ұйымдастыру

Карантин кезінде топтасып жиналуға болмайды. Бұл – сауап іздеген адамға тығырыққа тірелу деген сөз емес. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашарға кететін қаржылай шығынды немесе азық-түлікті көмекке мұқтаж отбасыларға таратуға кеңес берді.

Асылында құдайы асқа, ауызашарға тамақ тауып жеуі мұң болған жандар шақырылады. Мәселен, он адамға ауызашар бергіңіз келді делік. Ауызашарға кететін ақшаны соларға таратып берсеңіз де болады. Алланың қалауымен он адамға ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Хадисте айтылғандай, мұсылманның ниеті амалынан қайырлы.

Истиғфар айтып, салауат жолдау

Біз кейде зіл сөзбен, жағымсыз мінезбен қаншама жанның жүрегін жаралаймыз. Ойдан жүйрік дүние бар ма десеңші?! Санамызға қаншама бұзық ойлар келеді. Алла бізді жаман ойымызға байланысты жазалайтын болса... Айтудың өзі қорқынышты. Теріс ой мен ғайбат сөзіміз үшін кешірім сұраудың ең қарапайым үлгісі – "Алла мені кешірсін" деп истиғфар айту.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пітір садақа мөлшері бекітілді

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту уайым мен қайғыдан арылтады. Алла Елшісіне салауат айтуымыз – өзімізге амандық пен береке тілеуіміз.

Сөз бен ойдың оразасы адамды тақуалыққа тәрбиелейді...

Тамақты тежеу

Тамақ – нәпсіге ең ұнамды дүниенің бірі. Дегенмен, Рамазан – аз тамақ жеп, көп құлшылық жасауға тәрбиелейтін ай. Расында, көп асаған көп ұйықтайды. Көп ұйықтаған көп игіліктен құр қалады. Ауызашар тамаққа тойып алатын сәт емес. "Ауру – астан" деген. Көп жеген артық салмақ жинайды. Артық салмақ ауру шақырады... Алла сақтасын!

Уақытты жүйелеу

Рамазанда әрбір сәт маңызды. Уақыт – мүміннің нығметі, оны ізгі істерге арнасақ – досымыз, бос өткізсек – дұшпанымыз. Бір сәтте досыңа да, дұшпаныңа да айналатын уақытты қалай пайдалану – әркімнің өз таңдауында. Досты таңдайық!

Оразада отбасыға көңіл бөлу

"Сен саясатпен айналыспасаң, саясат сенімен айналысады" деген тәмсіл бар. Осы сөздің мағынасын "майыстырып" айтсақ: отбасы тәрбиесімен айналыспасаң, бала-шағаң сенімен айналысады. Расында, солай. Бала-шағаға көңіл бөлмесең, тәрбиесі нашарлап, сені бір күні ұятқа қалдырады.

Тағы оқыңыз: Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма – мүфтият жауабы

Ауызашар, сәресі отбасымен рухани сұхбат құрудың сәулелі сәті емес пе? Сәтті жіберіп алмайық. Әр сәт – ғанибет...

Өзімізді өзгертпесек...

Бір ғұлама "Рамазаншыл болма, Құдайшыл бол" деген екен. Расында, бір жұтым судың қадірін сездірген, шариғаттағы тыйым былай тұрсын, рұқсат етілген істен нәпсіні тежеуді үйреткен оразадан кейін өзімізді өзгертпесек енді ұят...

1074
Кілт сөздер:
Ораза кестесі-2020, Рамазан
Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)
Тақырып бойынша
Бас мүфти кімдерге ораза ұстамауға рұқсат етілетінін айтты
Карантин кезіндегі Ораза: қасиетті Рамазан айы басталды
Имам ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдарға кеңес берді
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

27
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

27
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Архивтегі фото

Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

1150
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде 12-17 градусқа дейін, күндіз 30-35 градусқа дейін бәсеңдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2020 жылдың маусым айында ауа райы қандай болатынын болжады.

Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – күн күркіреп, екпінді жел тұрып, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр.

"Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде +17+25°С-тан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдейді. Осыған ұқсас жағдай айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін құбылады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуынан жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынды және найзағайлы салқын ауа райына ауысады.

Алдағы уақытта республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде ең жылы күндер айдың ортасында болады, түнде ауа температурасы + 17 + 28 ° С, күндіз + 36 + 43 ° С.

"Солтүстік-шығыс жартысында екінші онкүндіктің соңы мен және үшінші онкүндіктің басына тура келеді, ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Бір ай ішінде орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп болжанды.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады.

 Айта кетерлігі, бір айға консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланады.

1150
Кілт сөздер:
маусым, ауа райы болжамы
Жолдағы белгі

Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды

5
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ, жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды, анықтау жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Елордада жеңіл көлік жүргізушісі жарық бағанын құлатып, аялдама кешеніне соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 30 мамыр таңертең Момышұлы мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында болды.

"Жүргізуші рөлге ие бола алмай, жарық бағанын құлатып, кейін аялдамаға соғылды", - деп мәлімдеді полициядан.

Абырой болғанда, аялдама дәл сол сәтте бос болған, зардап шеккендер жоқ.

© Photo : Polisia.kz
Кроссовер аялдамаға соғылды

Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Жұма, 29 мамырда, Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысқан еді.

Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, "МАН" маркалы бағдарлы автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобус салонындағы 13 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Екі адамның сүйегі сынған, қалғандары түрлі дәрежеде жарақат алды.

5
Кілт сөздер:
аялдама, жол апаты, Нұр-Сұлтан