Қоғам

Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде 26 нысан жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімінің айтуынша, қазіргі кезде құрылыс маусымының әр күнін зая кетіріп алмау құрылысшылар үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау басты талап екенін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтандағы "Ақерке 2", "Баспана Көктал", "Зере 1" тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмысының барысымен танысқан әкім нысандарда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

"Басты талап – карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау. Олай болмаған жағдайда, нысандардың жұмысы тоқтатылады. Сондықтан да құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау – басты міндеттердің бірі", – деді Көлгінов.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, екі күн ішінде Нұр-Сұлтанда 26 нысан жабылған. Олардың басым бөлігі құрылыс компаниялары болып табылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылады

Айта кетейік, жыл соңына дейін 8 мыңға жуық елордалық үлескер өз пәтерін алып, құжаттарын рәсімдей алады. Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған нысандар санын 20 үйге азайту жоспарланған.

Жаңалықтар
0