Студенттерді Қазақстанға жеткізген автобустар

Шетелде оқитын 145 студент Қазақстанға оралды

1294
(Жаңартылды 00:13 26.04.2020)
Студенттер Солтүстік Қазақстан облысының ауруханаларында карантинге жатқызылып, мұқият тексерістен өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің Түмен қаласынан 145 студент келді, деп хабарлады облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, шекарада 77 студент тексерілген (оның 54-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 15-і Қарағанды ​​облысынан, 5-і Түркістаннан, 2-і Алматы облысынан және 1-і Шымкент қаласынан).

"Студенттердің барлығы Петропавл қаласы мен облыс аудандарындағы карантиндік ауруханаларға орналастырылды. 25 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтардан алынған COVID-19 зертханалық сынамасының нәтижелері теріс болып шықты. Қазіргі уақытта олардың қатарындағы кейбір азаматтар үй карантинінде жатыр", – делінген баспасөз хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысының шекаралас аймақтарында тұратын қалған 68 студент тұрғылықты жеріне жіберіледі және міндетті түрде тексеріліп, үй карантинінде болады.

Оқи отырыңыз: Петропавл полициясы әйелден 3,5 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі - видео

Айта кетейік, бұған дейін Омбыдан студенттер Петропавлға келген болатын. Зертханалық зерттеулер нәтижесі олардың арасында коронавирус жұқтырғандар жоқтығын көрсетті.

1294
Кілт сөздер:
эпидемия, Петропавл, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)
Тақырып бойынша
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Жаппай індет жұқтыру оқиғасы: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті
Он алты адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

150
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

150
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1040
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1040
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1539)