Ұшақ, архивтегі сурет

Министрлік Түркияда қалып қойған қазақстандықтарға қатысты ақпарат берді

191
(Жаңартылды 15:33 27.04.2020)
Turkish Airlines әуе компаниясы астана мен Алматыдан 160-тан астам Түркия азаматын алып кетті. Алдын ала келісім бойынша осы бортпен Түркияда қалып қойған қазақстандықтар елге жеткізілуі тиіс болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Түркияда қалып қойған қазақстандықтар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. 

Түркия тарапы өз ұшағына Қазақстан азаматтарын алудан бас тартты, деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі. 

Бұған дейін БАҚ-та 500-ге қазақстандықтың Түркиядан орала алмай қалғаны туралы айтылған болатын. "Қазақстан өз азаматтарын қабылдаудан бас тартып отыр" деген ақпарат тарады.  

24 сәуір күні Turkish Airlines астана мен Алматыдан 160-тан астам Түркия азаматын алып кетті. 

"Біздің Анкарадағы елшілік осы бортпен қазақстандықтарды елге қайтару туралы алдын ала келісім жүргізді. Алайда Түркия тарапы Қазақстан азаматтарын өз ұшағымен қайтарудан бас тартты", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол ведомство шетелдегі қазақстандықтарға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты. 

Бұған дейін ресейлік Royal Flight әуе компаниясы Непал мен Мьянмада қалып қойған ТМД азаматтарын Мәскеуге жеткізген болатын, арасында Қазақстан азаматтары да бар.

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 11 мамырға дейін ұзартылып отыр. 

Тағы оқыңыз: Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты

1 мамыр күні президент Нұр-Сұлтан мен Алматы арсындағы рейстерді жандандыруды тапсырды. 

191
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, Түркия, министрлік
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (406)
Тақырып бойынша
Қазақстан еш нәрсені жасырмайды – президент  
"Қолдау көрсетеміз": Тоқаев тағы бір тізімнің жасалып жатқанын айтты
Коронавирус жұқтырғандар саны 2791 адамға жетті
Карантинде отырған отбасы үйдің шатыры арқылы қашқан – видео
ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

64
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

64
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер
Митинг, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

72
Коронавирус пандемиясына және бұқаралық шараларға тыйым салынғанына қарамастан, балалы әйелдер елорданың орталығына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik.Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын өздерімен бірге алып келді.

Sputnik Қазақстанға қала әкімдігі хабарлағандай, әйелдер күндіз министрліктер үйінің жанында, содан кейін жағалауда жиналған, кейін полициямен бірге Республика даңғылына қарай бет алды.

Блогер және Қазақстандағы MMA қозғалысының негізін қалаушы Анатолий Ким жағалаудан трансляция жүргізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANATOLIY KIM (@kazmma)

"Бізге пәтер беруді талап етеміз. 27 мамырда балам қайтыс болды, сал ауруымен ауырды, ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрдық. Балам қайтыс болған кезде мені кезектен шығарып жіберді. Басқа балам жоқ", - деді наразылық білдірушілердің бірі Роза.

Сондай-ақ, адамдар күн көру қиындап кеткеніне шағымданып, жәрдемақыны көбейтуді талап етті.

"Бізге ешкім келмеді" деген әйелдердің сөзін әкімдік өкілдері теріске шығарып, келіссөз жүргізгендерін айтты.

Сондай-ақ митинг болған жерге тәртіп сақшылары келді. Олар ешкімді ұстап әкеткен жоқ.

Оқи отырыңыз: Бұдан былай бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ – Тоқаев 

Айта кету керек, митингіге байланысты елордалық Арбат шұғыл жұмысын тоқтатты, қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысушылар мен музыканттар үйлеріне кетті.

Қазақстан президенті 25 мамырда бейбіт митингілер өткізу туралы заңға қол қойды. Жиналыстан 5 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарлануы керек.

Бейбіт митингілер өткізу туралы заң 6 маусымда күшіне енеді.

72
Кілт сөздер:
баспана, мүгедек, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Митингке шыққысы келетін қазақстандықтар нені білуі тиіс
Тұрғымбаев: Митингіге шығатындар бейбітшілік басты құндылық екенін түсінбейді
Министрдің орынбасары полиция белсенділерді үйден ұстап әкетпейтінін айтты
"Жауыз қылып бітірдік": депутат митингте "адамдарды сүйреп әкететіндер" туралы айтты