Архивтегі фото

Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады

15050
(Жаңартылды 10:33 29.04.2020)
Ғалымдар пандемия әлемде 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 процент аяқталады деп болжады. Ал Қазақстанда 28 шілдеде коронавирустың таралуы тоқтауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Сингапурдың Технологиялар және дизайн университеті мен Массачусетс Технологиялар институтының ғалымдары бірігіп, бірнеше елдегі, соның ішінде Қазақстандағы COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін болжады.

Naked Science мәліметінше, болжамдарды есептеу үшін математикалық SIR-моделі қолданылды. Ол науқастардың санын, белгілі бір уақытта вирусты жұқтырған адамдарды, сондай-ақ адамдар арасындағы байланыстың қарқындылығын ескереді.

Оқи отырыңыз: Елдердің бірі әлемде алғаш болып эпидемияны жеңгенін жариялады

Есептеулер бойынша Қазақстанда коронавирус пандемиясы сәуірдің соңында шарықтау шегінен өтті, деп хабарлады Хабар 24.

Науқастар саны 2 маусымда 97, 14 маусымда 99 процентке азаяды. Ал 28 шілдеде коронавирус инфекциясының таралуы тоқтауы мүмкін.

Сингапур ғалымдары пандемия әлем бойынша 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін 100 процент аяқталады деп болжап отыр. Дегенмен қандай болжам жасалса да сақтық шараларын ұстанып, індеттен абай болуға шақырады.

Зерттеушілердің пікірінше, жасалған барлық есептеуді зерттеу ретінде қабылдау керек және олар дәл келмеуі де мүмкін.

 

15050
Кілт сөздер:
індет, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Алматыда перзентхана уақытша карантинге жабылды
Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Қазақстанда әйелдер түрмесінен коронавирус табылды
Министр Сұлтанов азық-түліктің неге қымбаттайтынын айтты  
Қазақстанда індетке шалдыққандардың саны 36 адамға көбейді
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

136
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

136
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?
Жедел жәрдем көлігі

Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

702
(Жаңартылды 22:55 06.07.2020)
Биыл маусымда пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелді. Өткен жылы тура осы айда небәрі 7 964 пациент болған

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Әлемде коронавирус пандемиясы басталған кезде инфекция күн көзіне шыдамайды, ультракүлгін сәулелер оны күйдіріп тастайды, сондықтан жаз шыққанда вирус азаяды деген нақты болжам болған. Алайда маусымда науқастардың саны күрт өсті. Пневмония өршіп кетті. Бұл коронавирус инфекциясының негізгі симптомы болып саналса да, тестен COVID-19 шығып жатқан жоқ. Бүгінде пневмониядан қайтыс болғандардың саны коронавирус құрбандарынан екі есеге асып түсті. Sputnik Қазақстан тілшісі қазіргі пневмония мен коронавирус арасында байланыс бар-жоғын анықтап, вирустың генетикалық мутациясы мен оны емдеу шараларының қалайша өзгергенін зерделеп көрді.

Иә, маусым айында ауруханаға пневмониямен түсетін науқастардың саны күрт көбейді. Нұр-Сұлтанда күн сайын стационарға 600-ге жуық пациент жеткізілді. Науқастарға арналған төсек-орынның 90 проценті толып қалды. Шымкент, Ақтөбе мен Атырау да тура сондай жағдайға тап болды. Ал Алматы қаласының әкімі пневмония эпидемиясын жариялауға мәжбүр болды. Себебі бір айдың ішінде пневмониямен ауыратындардың саны бес есеге артты. Бүгінде спорт кешендері қосымша стационар ретінде қолданыла бастады. Себебі ауруханада орын жоқ.

Оқи отырыңыз: Пневмония коронавирустан басым түсті – қайтыс болғандардың саны екі есе көп 

Дегенмен, пневмониямен түсіп жатқан науқастардың барлығынан COVID-19 шығып жатқан жоқ. Оны жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да растады. 2 шілде күні өткен баспасөз мәслихатында ол бір тәуліктің ішінде коронавирустан 10, ал пневмониядан 20 адам науқастың көз жұмғанын мәлімдеді. Демек, бүгінде пневмония құрбандарының саны екі есеге көп болып тұр. Олардан коронавирус анықталмаған. Осы орайда тағы бір статистиканы айта кеткен жөн. Министрдің айтуынша, биыл маусым айында пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелді. Өткен жылы тура осы айда небәрі 7 964 пациент болған. Сонда биыл пневмонияға шалдыққандардың саны төрт есеге (!) өсіп отыр.

Әрине, бұл жерде заңды бір сұрақ туындайды. Науқастардан коронавирус табылмаса, пневмонияны қандай вирус қоздырып отыр? Неге тест кезінде COVID-19 шықпайды? Дәл осы пандемия кезінде пневмония жайдан-жай өршіп тұрған жоқ қой? Демек, байланыс бар. Оған қоса, пневмония коронавирус инфекциясының негізгі әрі қауіпті симптомы болып саналады.  

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да пневмониямен түсетін науқастардан ПТР-тест алғанда бәрінен бірдей коронавирус шықпайтынын айтқан. Маман оның себебін де түсіндірді.  

"Соңғы кезде пневмониямен түсетін науқастардың тесті теріс нәтиже көрсетіп жатыр. Ондай болады. Себебі коронавирус инфекциясы жоғарғы тыныс алу жолдарынан төменгі тыныс алу жолдарына түседі. Осы кезде ПТР-тест оң нәтиже көрсетпеуі мүмкін", - дейді Есмағамбетова.

Сонда бас санитардың сөзіне қарағанда, коронавирус өкпеге өтіп кеткенде жұтқыншақтан шықпауы да мүмкін. Ал ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, адамның ағзасында COVID-19 болады. Содан болар, бүгінде емдеу тәртібіне "коронавирус инфекциясының ықтималдылығы" деген анықтама енгізілген. Бұл дегеніміз, пневмониямен түскен адамның тесті теріс нәтиже көрсетсе де, "коронавирус инфекциясының ықтималдылығы" диагнозы жазылады. Осының арқасында науқас дер кезінде емделеді екен.

Соңғы кезде коронавирус мутациясына қатысты әңгімелер де тарай бастады. Мәселен, денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова коронавирус инфекциясы генетикалық жағынан өзгеріске ұшырады деп санайды. Соның нәтижесінде бүгінде республика бойынша симтомсыз науқастар жиі анықтала бастады. Індет жеңіл түрде өтетін болған. Алайда қазіргі пневмония эпидемиясын коронавирус қоздырса, инфекция генетикалық жағынан қауіпті мутацияға ұшыраған секілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да коронавирус мутациясына қатысты өз ұстанымын білдірді. Бас ғылыми қызметкер Сумия Сваминатанның айтуынша, зертханалық зерттеулер кезінде вирустың мутациясы анықталған. Ондайда инфекция жылдам көбейеді және тез таралады екен.

"Жақында зертханада "D614G" деп аталатын ерекше мутация анықталды. Ондайда вирус жылдам көбейеді, оның таралуы да күшейеді", - дейді Сваминатан. Бірақ мутацияға ұшыраған вирустың қаншалықты қауіпті екені белгісіз.

Ал біздегі коронавирустың мутациясы қандай? Ол жағы да белгісіз. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды COVID-19 жылдам таралып жатқан мемлекеттердің қатарына қосты.

Айтпақшы, өткен аптада елімізде коронавирус инфекциясын емдеудің клиникалық хаттамасына тағы өзгеріс енгізілді. Енді, жағдайы орташа ауыр науқастарды амбулаториялық деңгейде, яғни, үйде вирусқа қарсы препараттармен емдеп көрмек. Ал ауруханада жатқан науқастардың үш күн ішінде дене қызуы көтерілмесе, компьютерлік томография немесе рентген кезінде өкпеде оң динамика байқалса, ауруханадан ерте шығаруға шешім қабылданды. Пациенттің денсаулығын ары қарай емхана дәрігері бақылайды. Осылайша, ауруханадағы орын тапшылығы шешіледі.

702
Кілт сөздер:
коронавирус, эпидемия
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1078)
Тақырып бойынша
Маусым айында 628 науқас пневмониядан көз жұмды – бас санитар дәрігер
Министрлік Біртановтың денсаулығына қатысты ақпарат жариялады
ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді
Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады
Сағынтаев Алматыдағы пневмония эпидемиясына қатысты мәлімдеме жасады