Алматыдағы жұқпалы аурулар госпиталі

Бас санитар дәрігер: мамырдың соңына дейін 5 300 адам COVID-19 жұқтыруы мүмкін

751
(Жаңартылды 18:05 29.04.2020)
Шекара жақын аймақтарда науқастардың саны артып отыр. Соңғы екі аптаның ішінде көрші елдерден келген 200 адамнан коронавирус анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны қаншаға жететінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырудың 3 500 жағдайы тіркеледі деген болжам бар. Ал мамырдың аяғына дейін 5 300-дей болады", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы болжамды өзгертті. Себебі шекара жақын аймақтарда науқастардың саны артып отыр. Соңғы екі аптаның ішінде көрші елдерден келген 200 адамнан коронавирус анықталды.

"Бұның барлығы сыртқы қауіп бар екенін көрсетіп отыр. Соның негізінде біз болжамды өзгерттік", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында Ресейден келген адамдардан коронавирус анықталған болатын. Көрші елден келгендердің басым бөлігі – Қазақстан азаматтары. 

Тағы оқыңыз: "Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің айтуынша, коронавирус анықталған адамдардың көбісі Мәскеуден келген. Ал өз азаматтарымызды қабылдап емдеу – біздің міндетіміз. Ресейден келген азаматтар елді мекендерге кірмейді. Оларды дереу шекарадағы өткізу бекетінен карантиндік стационарға жатқызып отырады. 

Қазіргі уақытта жүк немесе транзиттік жүктерді әкелетіндерді қоспағанда, шетел азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынған.

751
Кілт сөздер:
дәрігер, мамыр, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын бастау қажет – Назарбаев
Сингапур ғалымдары Қазақстан індетті қашан жеңетінін болжады
Қазақстандықтарға мерзімі өткен құжаттарды пайдалануға рұқсат етіледі
Коронавирус жұқтырғандардың саны 3079 адамға жетті
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

451
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

451
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

121
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

121
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (868)