Қоғам

Қазақстандағы Россотрудничество Жеңіс күніне арналған жобаны жалғастырады

© Sputnik / Абзал КалиевВечный огонь у монумента "Отан қорғаушылар"
Вечный огонь у монумента Отан қорғаушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоба 2019 жылдың 27 қаңтарында Петропавл қаласында басталды. Бұл күні Солтүстік Қазақстан облыстық музейінде Санкт-Петербург қаласының суретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңіс күні қарсаңында онлайн-фонференция кезінде "Ұлы Отан соғысы: ХХI ғасыр көзқарасы" жобасының аралық қорытындысын жасады.

Шараға Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Ничкасов, фотосуретші Сергей Ларенков, сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және Беларусь елінің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

© Photo : Скриншот онлайн-конференции Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин суретші Сергей Ларенковтың Жеңіс күніне арнайы жасаған туындысын көрсетіп тұр
Қазақстандағы Россотрудничество Жеңіс күніне арналған жобаны жалғастырады - Sputnik Қазақстан
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин суретші Сергей Ларенковтың Жеңіс күніне арнайы жасаған туындысын көрсетіп тұр

Жоба 2019 жылдың 27 қаңтарында Петропавл қаласында басталды. Бұл күні Солтүстік Қазақстан облыстық музейінде Санкт-Петербург қаласының суретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмесі ашылды.

"Шара аясында 50-ден астам көрме өтті. Беларусь елінің Қазақстандағы елшілігімен бірлесе бірнеше жоба жүзеге асырылды", - деді Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Константин Воробьев.

© Sputnik / Елена БережнаяСуретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмеге ұсынған жұмысы
Қазақстандағы Россотрудничество Жеңіс күніне арналған жобаны жалғастырады - Sputnik Қазақстан
Суретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмеге ұсынған жұмысы

Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин онлайн-конференцияға қатысушыларға жоба туралы айтты.

"Бұл жобаға фотосуретші Сергей Ларенковтің қатысқаны қуантады. Қазақстандықтар оның шығармашылығын жоғары бағалайтынын білемін. Оның жұмысымен әріптесім - Беларуссияның Қазақстандағы елшісі Анатолий Ничкасов екеуіміз де жақсы таныспыз", - деді Бородавкин. 

© Sputnik / Елена БережнаяСуретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмеге ұсынған жұмысы
Қазақстандағы Россотрудничество Жеңіс күніне арналған жобаны жалғастырады - Sputnik Қазақстан
Суретшісі Сергей Ларенковтың "Блокадный альбом" атты көрмеге ұсынған жұмысы

pobedakz.com сайтында Сергей Ларенковтың көрмесіне виртуалды тур жасауға болады.

Жаңалықтар
0