Қоғам

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 3 273 адамға жетті

© REUTERS / ANUSHREE FADNAVISВрач держит в руках пакет с анализом на коронавирус
Врач держит в руках пакет с анализом на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 68 адам анықталды. 829 адам жазылып, ауруханадан шықты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір –Sputnik. Қазақстанда барлығы 3 273 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Елде тағы 68 адамда COVID-19 расталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы қаласында – 44, Шымкент қаласында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Алматы облысында – 13, Жамбыл облысында үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше, 29 сәуір күні өткен брифингте Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырудың 3 500 жағдайы тіркеледі деген болжам айтты. Ал мамырдың аяғына дейін 5 300-дей болады.

Сондай-ақ, ол COVID-19 вирусына үйрену керектігін жеткізді.

Бас санитар дәрігер карантинді алып тастаса да, коронавирус ешқайда кетпейтінін мәлімдеді. Енді коронавирус маусымдық аурулардың қатарына өтетінін айтты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, елімізде індеттен 829 адам жазылды, 25 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0