Қабырғадағы көлеңке, иллюстративті фото

"Қашып кете алмайды": Назарбаева карантин кезінде өршіген мәселені көтерді

4413
(Жаңартылды 16:37 30.04.2020)
Карантиннен кейін әскери бөлімшелер мен ұлттық ұлан құрылымдарының кезекшілігін бірнеше айға қалдыру, тіпті күшейту қажет болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылық пен криминогендік ахуалға баса назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әйелдер мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдерінен карантин кезінде үйдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күрт өскені туралы ақпарат келіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл карантиннің тікелей салдары. Зорлық-зомбылық құрбаны болған әйел мен бала үйінен қашып кете алмайды, көмекке де шақыра алмайды", – деді Назарбаева сенат отырысында.

Ол жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын осыған ерекше назар аударуға шақырды. Спикер әйелдерді қолдау шараларын күшейту қажет деп санайды.

Бұдан бөлек, сенат төрағасы елдегі криминогендік ахуалға тоқталды.

"Қоғамды, әсіресе ірі қалалардың тұрғындарын қатты мазалап отырған мәселе. Қазірден бастап карантиннен кейін қалаларда криминогендік ахуалды тұрақтандыру бойынша жоспар әзірлеу қажет деп есептеймін. Әскери бөлімшелер мен Ұлттық ұлан құрылымдарының кезекшілігін бірнеше айға қалдыру, тіпті күшейту қажет болуы мүмкін. Қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп сенемін", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда спортшы 4 жасар қызды соққыға жықты - видео

Сонымен қатар, Назарбаева ұрлық пен бұзақылық жасағандарға барынша қатаң жаза қолданып, көрнекі соттар өткізу керек деп санайды.

4413
Кілт сөздер:
карантин, Сенат, Дариға Назарбаева
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті      
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

54
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

54
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

112
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

112
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы