Қоғам

Тоқаев: биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қазақстан халқы бірлігінің арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жаңа белестерді бағындыратынына сенетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат. Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілі біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік", - делінген құттықтауда.

Тоқаев бейбітшілік пен қоғамдық келісім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады

"Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық. Биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясымен күресуде. Жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініп отыр. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін", - деді президент.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тіледі.

Жаңалықтар
0