Бетінде Қазақстан туы бейнеленген қыз

Маман мамыр айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

13252
(Жаңартылды 12:21 01.05.2020)
Көктемнің соңғы айында әлемдік жанжалдар жиілеп, банктер проблемаға тап болуы мүмкін, сонымен қатар, астрологтың болжамынша, ажырасу көбейеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әлемдік жанжалдарға куә боламыз"

Астрологтың айтуынша, мамыр айына Нептун – Венера ғаламшарлары ықпал етеді. Сондықтан бұл кезеңде әлемдік қақтығыстар, дау-жанжалдар жиі орын алуы мүмкін.

"Мамыр айында мұнай соғысы тұтануы ғажап емес. Себебі айдың басынан 25 мамырға дейін "қара алтын" бағасы құбылады, ОПЕК+ келісімдері бұзылуы мүмкін. Қауіп-қатер аймағына Ирак пен Иран, Парсы шығанағы елдері кіреді. Нептун шиеленіс, текетіресті білдіретіндіктен, біз осы әлемдік жанжалдарға куә боламыз", - дейді қазақстандық маман.

Қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар көп болғанымен, ауызбіршілік таныта алмайды.

Сонымен қатар, Әбдірайымованың болжамынша, осы айда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төңірегінде дау шығуы мүмкін.

"Ал Венера ел экономикасы, ұлттық ресурс, қаржы институттары мен ауыл шаруашылығына ықпал етеді. Ешкім де инфляциядан қашып құтыла алмайды. Көмекке мұқтаж жандардың қатары артып, әлеуметтік қажеттіліктер өсіп, соның әсерінен митингтер болуы мүмкін. Әлеуметтік әділдікті талап етумен байланысты толқулар орын алуы ғажап емес", - дейді астролог.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

Бұдан бөлек, маманның айтуынша, қаржы және банк жүйесі проблемаларға тап болады. Кейбір банктер банкротқа ұшырап, енді бірі қайта құрылады.

Ажырасу көбейеді

Әбдірайымова Нептун мен Венера адамның жеке өміріне де тікелей әсер ететінін жеткізді.

"Өкінішке қарай, осы айда ажырасу көбейеді. Алаяқтар мен қызқұмар еркектерге алданып қалмаңыздар. Осы кезеңде айтылған сөзге, берген уәдеге сенуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, баянды махаббат, ұзақмерзімді қарым-қатынас үшін қолайсыз кезең", -деп ескертті маман.

Астрологтың сөзіне сенсек, мамыр айында, көбіне, ер адамдар махаббат пен құштарлықтан басы айналып, кейін көңілі қалып, опық жеуі мүмкін.

Маман, әсіресе айдың 10 мен 11 күндері туған Балық, Бикеш, Мерген, Егіздерге сақ болуға кеңес берді.

Көктемнің соңғы айында көп адамды жауапсыз махаббат, айырылысу, өкпе-реніш,  қаржы қателіктері, алдау-арбау күтіп тұр.

Бірақ, астрологтың болжамынша, 22 мамырдан кейін жеке өмір мен қаржы жағдайында оң өзгеріс байқалады.

Тың бастамалар кезеңі

"12 мамырдан бастап айдың соңына дейін Меркурийге, яғни ақылға, логикаға сүйенген абзал. Бұл аралықта адамдар көпшіл, тез тіл табысқыш болады. Ақпаратты жылдам қабылдап, тез сіңіреді. Білім-ғылымға құштарлығымыз оянады. 14 мен 19 мамыр аралығында жаңа идеялар, тың бастамалар бағаланады. Басшылықпен, билік органдарымен келіссөз жүргізуге қолайлы кезең", - деді Әбдірайымова.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өтуге тура келеді

Ал 22 – 23 мамыр күндері – абырой-беделдің, атақ-дәреженің өсетін уақыты.

Бітпей қалған істі аяқтауға, жаңа ұзақмерзімді жоба бастауға, жеке өмірді, түсініспеушіліктер мен жанжалды реттеуге таптырмас кезең.  

25 – 26 мамыр аралығында адамдар іштей күші молайғанын, қабылдаған шешімінің дұрыстығын сезеді. Бұл кезеңде кейбірі күтпеген олжаға кенелуі мүмкін.

13252
Кілт сөздер:
болжам, астролог, мамыр
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар мамыр айында да 42 500 теңге алады – президент
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады
Қазақстанда 4 мамырдан қандай нысандардың жұмысы жанданатыны белгілі болды
"Мамырдан бастаймыз": Назарбаев Байбекке тапсырма берді
Банктер мен валюта айырбастау пункттері 4 мамырдан бастап қалай жұмыс істейді
Төтенше жағдай мерзімі мамыр айында созыла ма?
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

613
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

613
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

123
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

123
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

7
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

7
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді