Архивтегі фото

"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады

2201
Екінші және үшінші онкүндікте ауа райы құбылмалы болады, екпінді жел тұрып, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" 2020 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында, оңтүстік жартысында нормадан 1°С жоғары болады.

"Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, оңтүстік-батысы жартысында нормадан аз, оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы және тау бөктері аймақтарында нормадан көп болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.

Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша әдетте Қазақстанның оңтүстік жартысында мамыр айының бірінші жартысынан бастап, ал солтүстік жартысында айдың соңына қарай үсік болмайды. Дегенмен осы жылдың мамыр айында түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік-шығыс өңірі мен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында ауа температурасы төмендеп, үсік жүруі ықтимал.

Айдың ең басында ауа райын Орталық Азия аймағынан келетін жылы ауа массалары анықтайды, бірақ фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысының кей жерлерінде күші 15-25 м/с дейін екпінді жел тұрып, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +18+25°С, солтүстік-батыстың кей жерлерінде +15°С, оңтүстік-батыста және оңтүстікте +25+30°С болады.

2020 жылдың 3-5 мамыр аралығында Карск теңізі аймағынан суық антициклонның кіруіне және фронтальды бөліктердің өршуіне байланысты еліміздің солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасы -3+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендейді, оңтүстік-шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+23°С дейін төмендейді, еліміздің оңтүстік-батысы жартысында Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуына байланысты ауа температурасы +25+33°C дейін жоғарылайды", - дейді синоптиктер. 

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында жылу республиканың оңтүстік-батыс жартысынан қалған аймақтарына ығысатындықтан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды.

Сондай-ақ екінші және үшінші онкүндікте ауа райы құбылмалы болады: екпінді жел тұрып, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Кезекті суық толқыны келгенде ауа температурасы:

  • солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде -3+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
  • Қазақстанның батыс және оңтүстік батыс жартысында түнде +5+13°C дейін, күндіз +13+21°C төмендейді.

Алайда, екінші және үшінші онкүндіктерде жылы күндер көп болады деп болжануда:

  • республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +20+28°C дейін;
  • оңтүстікте +25+33°C дейін ысиды.
2201
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, мамыр
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

288
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

288
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

117
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

117
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы