Қоғам

Тоқаев Дариға Назарбаеваға алғыс білдірді  

© Sputnik / Абзал КалиевДарига Назарбаева на заседании сената
Дарига Назарбаева на заседании сената - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Дариға Назарбаева сенат төрағасы ретінде белсенді және жемісті жұмысы атқарғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға ризашылық білдірді.

"Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол Твиттерде. 

Бұған дейін президенттің жарлығымен сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Дариға Назарбаева 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламент сенатының депутаты болды. Өткен жылдың 20 наурызында депутаттар оны жоғары палатының спикері етіп сайлаған еді. 

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады

Бұған дейін, 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды.  

2012-2015 жылдары мәжіліс депутаты, парламенттің төменгі палатасының вице-спикері болды. 

Дариға Назарбаева – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 1963 жылдың 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.  

Жаңалықтар
0