Нұр-Сұлтан әуежайы, архивтегі фото

Есмағамбетова: Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді

372
Бас санитар дәрігер ұшу барысында Covid-19 нәтижесін талап ету шарасы халықаралық тәжірибе негізінде қолға алынғанын және індеттің алдын алуға бағытталғанын айтты

АЛМАТЫ, 4 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңірлер арасында ұшатындар үшін коронавирусқа қарсы тест тапсыру талабын алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді.  

Есмағамбетова бұл шара халықаралық тәжірибе негізінде қолға алынғанын және індеттің алдын алуға бағытталғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер карантинді жеңілдетуге болатынын мәлімдеді 

"Ұшақты сөз еткенде оның жабық кеңістік екенін ескерген жөн. Бұл жаңа инфекция. Біз қандайда бір шешім қабылдамас бұрын халықаралық тәжірибелерді қараймыз. Ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді. Біздің мақсатымыз – азаматтардың ұшу барысында инфекция жұқтыруына жол бермеу", - деді Есмағамбетова.

Алайда елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, бас санитар дәрігердің бұл шешімі қайта қаралуы мүмкін.

"Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, басқа өңірлер арасында рейстердің іске қосылуына байланысты бұл талаптарды қайта қарауымыз мүмкін. Барлығы қалыптасқан жағдайға байланысты. Біз қабылдаған шаралар инфекцияны жұқтырудың алдын алуға бағытталған", - деді ол.

Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында әуе қатынасы қайта жанданды. 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге ұшақтар қатынайды.  

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жолаушылардың барлығы коронавирусқа тест тапсыруы тиіс және нәтижесі теріс болған жағдайда ғана ұшуға рұқсат беріледі.

Жолаушылар мен экипаж мүшелері медициналық бетперде мен қолғап киюі қажет. Сонымен қатар өзімен бірге антисептик алып жүруі тиіс.

372
Кілт сөздер:
науқас, ұшақ, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (399)
Тақырып бойынша
Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысы жанданады
"Қымбатқа түсті": елордаға алғашқы карантиндік рейс ұшып келді - видео
Бас санитар дәрігердің өкілеттігі кеңейтілді
Бекшин сұлулық салондарының не себепті ашылмайтынын түсіндірді
Кинорежиссер карантинде қандай қазақ фильмдерін көруге болатынын айтты
COVID-19 тестінен міндетті түрде өтетін тағы бір топ анықталды
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

19
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

19
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Архивтегі фото

Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

1119
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде 12-17 градусқа дейін, күндіз 30-35 градусқа дейін бәсеңдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 2020 жылдың маусым айында ауа райы қандай болатынын болжады.

Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – күн күркіреп, екпінді жел тұрып, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр.

"Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде +17+25°С-тан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдейді. Осыған ұқсас жағдай айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін құбылады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуынан жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынды және найзағайлы салқын ауа райына ауысады.

Алдағы уақытта республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде ең жылы күндер айдың ортасында болады, түнде ауа температурасы + 17 + 28 ° С, күндіз + 36 + 43 ° С.

"Солтүстік-шығыс жартысында екінші онкүндіктің соңы мен және үшінші онкүндіктің басына тура келеді, ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады", - деп хабарлады синоптиктер.

Бір ай ішінде орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп болжанды.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады.

 Айта кетерлігі, бір айға консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланады.

1119
Кілт сөздер:
маусым, ауа райы болжамы