Қоғам

Қазақстандағы Covid-19: вирус жұқтырғандар саны 4 205 адамға жетті

© REUTERS / ATHIT PERAWONGMETHAЗащитные костюмы медиков в больнице с коронавирусом
Защитные костюмы медиков в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің жариялаған соңғы ақпаратқа сәйкес, елде індетке шалдыққан тағы жиырма алты адам тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр - Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4 205 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"COVID-19 диагнозы тағы 26 адамда анықталды. Алматы - 16, Қызылорда облысы - 1, Алматы облысы - 3, Атырау облысы - 3, Жамбыл облысы - 1, Қарағанды облысы - 1, Батыс Қазақстан облысында бір адамда вирус расталды", - делінген ақпаратта.

Елде Алматы мен астанада коронавирус жұқтырғандар саны өзге қалалар мен өңірлерден көп.

Нұр-Сұлтанда  – 734, Алматы – 1 372, Шымкент – 216, Ақмола облысы  – 101, Ақтөбе  облысы – 163, Алматы  облысы – 163, Атырау облысы – 209, Шығыс Қазақстан  облысы – 30, Жамбыл  облысы – 160, Батыс Қазақстан  облысы – 199, Қарағанды  облысы – 168, Қостанай облысы – 53, Қызылорда  облысы – 217, Маңғыстау  облысы – 85, Павлодар  облысы – 152, Солтүстік Қазақстан  облысы – 30, Түркістан  облысында – 155 адам. 

1 279 адам дерттен емделіп шықты, 29 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0