Қоғам

Еңбек министрлігі 42 500 теңгені екінші рет кім алатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, тиын
Ақша, тиын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді екінші рет беру шарттарын нақтылады

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. 42 500 теңгеге 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар төлемді екінші рет ала алады, деп хабарлады Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленеді.

"Төтенше жағдай режимі 16 наурыздан бастап енгізілді. Әлеуметтік төлемді төлеудің бірінші айы – 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы. Екінші ай төтенше жағдайдың созылуына байланысты 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралықты қамтиды", - деп түсіндірді еңбек министрлігі.

Яғни, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, әлеуметтік төлемді бірінші рет қашан алғанына қарамастан, 42 500 теңгені екінші рет те ала алады.

Екінші төлемге өтініш берудің қажеті жоқ, ол автоматты түрде тағайындалады.

Қанша азамат 42500 теңге алды?

5 мамырдағы жағдай бойынша 4 478 000 әлеуметтік төлем тағайындалды.

Оның ішінде бірінші айда –3 734 000, екінші айда – 744 000.

Тағы оқыңыз: Министрлік 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болатынын түсіндірді

"42 500 теңге" алу үшін 8 миллион 32 мың азамат өтініш берді.

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
  • Салық кодексінің774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
  • қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.
Жаңалықтар
0