Жеңіс күні

Жасы 85-тен асқан ардагерлер пойызбен тегін жүретін болады

517
(Жаңартылды 22:49 07.05.2020)
Акцияға тыл еңбеккерлері де қатысады. Ардагерлер елдің ішінде ғана емес, сонымен қатар ТМД елдеріне де пойызбен тегін қатынайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері пойызбен тегін жол жүру құқығын алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Samruk-Kazyna Trust қорының хабарлауынша, ардагерлер акцияны карантин режимі жойылғаннан кейін пайдалана алады.

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін және 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ардагерлерді Қазақстан мен ТМД елдері бойынша тегін теміржол қатынасымен қамтамасыз ету жалғасады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Билет алу үшін теміржол кассаларына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысы не болмаса мүгедегі куәлігі, ал тыл еңбеккерлері – арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы жазбасы бар зейнетақы куәлігімен баруы керек.

Бүгінгі таңда "Жеңіс" әлеуметтік және қайырымдылық жобасы аясында Қазақстанның 35 қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 640 ардагері мен тыл еңбеккеріне қажетті тауарлар жеткізілді.

Әсіресе, жалғыз тұратын немесе денсаулығы мен әлеуметтік мәртебесіне байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Атамның аманаты: қазақстандықтар Жеңіс күніне арналған жобаға қатысуда - видео

Айта кетейік, карантин жағдайында барлық қорғаныс шаралары сақталды. Көмекке жұмылдырылған 200-ге жуық ерікті байланыссыз жеткізуде қашықтықты сақтап, медициналық маскалар мен қолғаптарды пайдаланды.

517
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, ардагер, ардагерлер
Тақырып бойынша
Қазақстандағы Россотрудничество Жеңіс күніне арналған жобаны жалғастырады
Карантин кезінде ардагерлерді Жеңіс күнімен қалай құттықтайды
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
Ардагер: Бигелдинов пен Қошқарбаев секілді батырларды жастардың білмеуі қынжылтады
Алматылық ардагер "Қалқан және раушан" сыйлығын алды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

850
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

850
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

127
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

127
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

13
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

13
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин