Қоғам

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки "Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана" в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана
 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр - Sputnik. Қазақстан және Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 

"Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады", - делінген хабарламада. 

Қазақстан президенті аталған датаның фашизмге қарсы иық тіресіп соғысқан бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, екі елдің ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Ресей президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, жүрекжарды сәлемін жолдады.

Тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде екі елдің осы бағытта тығыз ықпалдастық орнатқанын айтты.

Оқи отырыңыз: Жәрдемақы өседі: Тоқаев маңызды заңға қол қойды

Владимир Путин Қазақстан үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді. Осы ретте Ресей президенті елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Жаңалықтар
0