Сәби, иллюстративті сурет

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

323
(Жаңартылды 11:34 10.05.2020)
Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы қазір жақсы, коронавирусқа тапсырған тест теріс нәтиже көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Бұған дейін коронавирус табылған пациент жуырда дертінен айығып, 9 мамыр қарсаңында дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

"Әйел босанғанға дейін екі күн бұрын Covid-19 нәтижесі теріс болғанына қарамастан, баланың құрсақта коронавирус жұқтырып алу қаупі болды. №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік блогының бригадасы гинеколог-дәрігер Владимир Калашников, неонатолог-дәрігер Татьяна Евтюшкина және акушер Гаухар Дүйсенбаева, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері екі адамның өмірі үшін күресті", - деп хабарлады елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің дені сау, COVID-19 тестінің нәтижесі теріс.

Ана мен бала қазір өздерін жақсы сезінеді, деп нақтылады басқармадан. Бұл елорда тұрғынының үшінші баласы.

10 мамырдағы жағдай бойынша астанада 1049 адам вирус жұқтырды. 369 пациент емделіп шықты, үш адам қайтыс болды.

323
Кілт сөздер:
сәби, ана, Нұр-Сұлтан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (867)
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

100
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

100
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (867)
Отырыстан түсірілген сурет

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады

103
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.

"Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы –  саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру", - деп түсіндірді Абаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.

Мемлекеттік комиссия немен айналысады:

  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
  • ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.

Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

103
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін құрбандары
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

0
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

0
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы