Нұр-Сұлтан келбеті

Төтенше жағдай режимі алынып тасталды

4075
(Жаңартылды 14:41 11.05.2020)
Екі айға жуық уақытқа созылған төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін Қазақстанда қандай шектеулер алынып тасталады

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда 15 наурызда енгізілген төтенше жағдай режимінің мерзімі аяқталды.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа екі рет қол қойды. Бастапқыда ол 16 сәуірде, содан кейін 1 мамырда сағат 07:00-де аяқталуы керек еді, бірақ қайтадан 11 мамыр сағат 00:00 дейін ұзартылды.   

Қазақстан Республикасының үкіметіне орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды.

Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін карантин алына ма?

Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін де карантин және шектеу шаралары сақталуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Облыстардың бірінде карантин мамыр айының соңына дейін ұзартылды 

Бүкіл Қазақстан бойынша карантин енгізілді. 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда, 27 сәуірден өңірлерде, 1 мамырдан Шымкентте шектеулер біртіндеп алына бастады.

Шектеулердің басым бөлігі 4 мамырдан бастап күшін жойды.  

Мегаполистер мен облыстардың шекараларындағы блокпостарды алып тастау туралы шешім кезең-кезеңімен қабылданады.

Қазақстанда 11 мамырдан бастап кімдерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі  

Дүйсенбі, 11 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, мәлімдеме жасайды.

Мемлекет басшысы коронавирусқа қатысты жағдайды бағалап, төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың одан әрі әрекет ету стратегиясын анықтайды деп болжануда.

Төтенше жағдай алынғаннан кейін 42500 теңге жәрдемақы төлене ме?

Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді.

Екі ай ішінде, төтенше жағдай режимі кезінде, шектеулерге байланысты жұмысынан айырылған азаматтарға екі рет төлем жасалды.  

Ішкі әуе қатынасын қалпына келтіру

1 мамырдан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстер қалпына келтірілді.

4 мамырдан бастап ұшақ Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылорда, Петропавл, Өскемен және Семейге ұша бастады.

Ал 11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетауға ұшуға болады.

13 мамырдан Қостанай мен Үшаралға рейстер қалпына келтіріледі.  

4075
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (396)
Тақырып бойынша
11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда не өзгереді - әкімдік жауабы
Қазақстандағы төтенше жағдай: Тоқаев мәлімдеме жасайды
Жасы 85-тен асқан ардагерлер пойызбен тегін жүретін болады
Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
Бекшин төтенше жағдайдан кейінгі карантин туралы айтты
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

6
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

6
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
кісен, архив

Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды видео

280
(Жаңартылды 13:11 28.05.2020)
Күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды, қазір тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сот біреуін 2 айға қамауды ұйғарды.

"Олар "Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж" РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шараралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы -  Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол осы қызметке 2019 жылдың басында тағайындалған болатын.

280
Кілт сөздер:
видео
Қылмыстық іс

Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео

0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Соңғы шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысында әкімнің парамен ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Келес ауданына кіретін Жамбыл ауылдық округының әкімі парамен ұсталды. Ол жер учаскесін бергені үшін заңсыз ақша алған. 

"Әкім 400 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Оны қамауға алған жоқ. Себебі ол сотқа дейінгі өндірісті тездетіп өткізуге өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ,мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары ұсталғаны хабарланды. Олар 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

0
Кілт сөздер:
видео, пара, әкім
Тақырып бойынша
Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео
Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды
Пара алған әкім қамауға алынбады – агенттік түсініктеме берді
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты