Вокзалға келген пойыз

Қазақстанда пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды

8374
Вице-премьер төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның шешімімен 15 мамырдан бастап пойыздарға билет сатылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. 1 маусымнан бастап елде кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасы жанданады.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"2020 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын ескере отырып, ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Жолаушылар пойыздарына билет 15 мамырдан сатыла бастайды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда автобустар қалай жүретін болады

Бұған дейін 13 мамырдан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылатыны хабарланған еді.

8374
Кілт сөздер:
билет, пойыздар
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

674
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

674
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

123
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

123
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Маска киген супермаркет қызметкері

Нұр-Сұлтанда бірқатар сауда орталығы қайта жабылды

42
Екі күн ішінде алпыстан астам нысан тексерілді, жиырма екі нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Елордада санитарлық нормаларды бұзған 14 сауда нысаны қайта жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

28-29 мамыр аралығында арнайы комиссия 60-тан аса нысанды тексерген.

Бұған дейін "Еуразия"сауда орталығына бірнеше рет ескерту жасалған. Алайда соңғы рейд кезінде заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталды. Санитарлық дәрігердің рұқсаты болмаса да, сауда орталығында маникюр кабинеті мен басқа да қызметтер іске қосылған.

Рейдтік топ, сонымен қатар, "Аспан" базарында да болды.

"Рейд барысында 60-тан астам нысан тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 22 нысанда санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды, 14 нысан санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады", - деп мәлімдеді әкімдіктен.  

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Негізгі заңбұзушылықтар: қызметкерлердің маска режимін сақтамауы; тепловизорлардың жоқтығы; қызметкерлерді дене қызуын өлшеп тіркеу журналы; ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар мен диохлор құралдарының болмауы, қоғамдық тамақтану орындарында үстелдер арасында ара қашықтықтың сақталмауы.

Бұған дейін санитарлық талаптарды бұзған 34 нысан жабылған еді. Оның ішінде құрылыс комапниялары, дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалар бар. 150 кәсіпорын ескерту алды.

42
Кілт сөздер:
сауда орталығы, Нұр-Сұлтан
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда 30 мамырда діни ғимараттар ашылады
1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді