Қоғам

Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлері азаматтарды кедергісіз өткізіп, бірнеше рет пара алғаны үшін айыпталды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан блок-бекетте халықтан пара алған әкімдік қызметкерлері ірі мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оларға ақша тасыған делдал да өз жазасын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін Жетісу аудандық соты әкім аппаратының екі бірдей бас маманына қатысты айыптау үкімін шығарды.

"К.Е. Әденов пен С.С. Оразов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, тиісінше 4 077 500 теңге және 13 300 000 теңге айыппұл салынды. Сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқаруына тыйым салды", – делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, осы үкім бойынша В.И. Уджур пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді

Айта кетейік, бұған дейін адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғаны жайында жазылған болатын. Олар төтенше жағдайда Жетісу ауданындағы COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы блок-бекетте кезекшілік атқару кезінде халықты кедергісіз өткізгені үшін делдал арқылы бірнеше рет пара алған.

Жаңалықтар
0