Ақша, архивтегі фото

Үш миллионға тарта адам 42 500 теңгені екінші рет алды

14252
(Жаңартылды 09:16 16.05.2020)
Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар 16 сәуірге дейін өтініш берген жағдайда "42 500 теңге" төлеміне екінші айда үміткер бола алады

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. 2,9 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

"Төлемді есептеуге алғашқы ай ретінде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы алынады. Екінші ай ретінде 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі кезең есепке алынады. Демек 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты "42 500 теңге" төлеміне екінші айда үміткер бола алады", - делінген хабарламада.

Ал 16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға құқылы.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырда сағат 18.00-ден бастап "42 500 теңге" төлемін тағайындауға өтініш қабылдау аяқталды.

Оқи отырыңыз: 42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі 

Жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралады, ол өтініш төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау шарттарына сәйкес келген жағдайда "42 500 теңге" әлеуметтік төлем тағайындалып, төленеді.

Бұрын берілген өтінішті қарау мәртебесін 42500.enbek.kz сайтында білуге болады.

"42 500 теңге" төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алды.

14252
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы ауқымды өзгерістер болатынын мәлімдеді  
Қазақстандықтар мамыр айында да 42 500 теңге алады – президент
Қанша қазақстандық 42 500 теңгені қайтарып бергені белгілі болды
42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтан тұрғындары жауап берді - видео
Министр "халық аштан өледі" деген әншіге 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды
42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

"Ұялудың еш қажеті жоқ": министр грантқа қалай түсе алмағанын айтты

5
(Жаңартылды 13:36 25.05.2020)
Білім және ғылым министрі ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді ештеңеден қорықпауға шақырып, өзі де мектеп бітірген соң, бірден грантқа түсе алмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.

"Барлығымыз үшін 25 мамыр ерекше жағдайда өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 миллионнан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқу форматына көшумен сақталады деп ойлаймын. Қысқа уақыт ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін", - деді Аймағамбетов бейнеқұттықтауда.

Ол қашықтан оқыту форматы Қазақстанның білім саласында бұрын-соңды болмаған оқиға екенін атап өтті.

Аймағамбетов 2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталды. Министр мектеп бітірушілерді ештеңеден қорықпай, мүмкіндіктерді пайдалана білуге шақырды.

Тағы оқыңыз: Білім басқармасы 1-сыныпқа қабылдау тәртібін түсіндірді  

"Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек. Мәселен, мен мектеп бітірген соң, бірден бір жылдың ішінде грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды: біріншісі, ақылы түрде оқу, екіншісі бір жыл дайындалып, келесі ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тесті қайта тапсырам деп шешім қабылдадым. Бір жыл уақытымды табанды дайындықпен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім", - деді ол.

Министр ҰБТ түлектердің өміріндегі ең жеңіл емтиханның бірі болатынын айтты.

Сондай-ақ, ол түлектерді қателік жасаудан қорықпай, керісінше, одан сабақ алуға үндеді.

"Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді деген қате ұғым екенін айтқым келеді. Бәрі қателік жасайды, бастысы – одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау. Қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет", - деп кеңес берді ведомство басшысы.

Айта кетсек, биыл коронавирус індетіне байланысты 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн режимде өтті.

Мектеп түлектері үшін аттестат табыстау және соңғы қоңырау мерекесі 3-4 маусымға жоспарланған. Оқу мекемелерінің әкімшілігі іс-шараны мектеп ауласында ұйымдастырады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу дәстүр бойынша маусымның соңы мен шілденің басында өтеді. 

5
Кілт сөздер:
түлектер, білім және ғылым министрлігі, Асхат Аймағамбетов
Коронавирус сынамасын жүргізу

Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

69
(Жаңартылды 12:35 25.05.2020)
Өткен тәулікте Атырау облысында 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде үш жасар қыз бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Үш жасар бүлдіршіннің Covid-19 вирусын жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында тағы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Міндетті скрининг кезінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысынан вирус табылды.

"Бұдан бөлек, тағы үш науқас анықталды. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары тұрғыны. Ал үшіншісі үш жасар бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамға жетті. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

69
Кілт сөздер:
коронавирус, Атырау
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
"Туыстары түсінгісі келмейді": Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді