Қоғам

Қазақстанда 307 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

© REUTERS / POOLИсследование образцов анализов на коронавирус в лаборатории
Исследование образцов анализов на коронавирус в лаборатории - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індет жұқтырғандардың басым көпшілігі Алматы қаласында тіркелді. Ал республика бойынша аталған дертке шалдыққандар саны 6 157 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 307 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Коронавируске қатысты жағдай өсімі 5,2% құраған.

"Еліміз бойынша 6 157 адамнан коронавирус жұқтырғаны анықталса, оның 2 980-і сауығып шықты. 34 адам COVID-19 салдарынан көз жұмды. Соңғы тәуікте Қазақстанда 307 азаматтың індет жұқтырғаны расталды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Республика бойынша:

  • Алматы қаласы - 93 (5,4%);
  • Шымкент қаласы - 77 (28,6%);
  • Атырау облысы - 35 (6,9%);
  • Нур-Султан қаласы - 32 (2,7%);
  • Батыс Қазақстан облысы - 22 (7,6%);
  • Қарағанды облысы - 13 (5,9%);
  • Ақмолы облысы - 9 (7,8%);
  • Түркістан облысы - 6 (3,1%);
  • Маңғыстау облысы - 6 (4,1%);
  • Алматы облысы - 5 (2,5%);
  • Ақтөбе облысы - 4 (1,8%);
  • Қостанай облысы - 2 (2,6%);
  • Жамбыл облысы - 2 (1,0%);
  • Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,8%).

 

Жаңалықтар
0