Қыз бен жігіт үстел басында отыр

Дәмханалар, мешіттер мен балабақшалар ашылды: қазақстандықтар нені білуі тиіс

818
(Жаңартылды 11:09 18.05.2020)
Жұмысын жандандырған ұйымдар мен мекемелер карантиндік шараларды сақтауы тиіс, олардың қызметі күн сайын бақыланып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. 18 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар нысан ашылды. Қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалар, балабақшалар және мешіттер қызметін қайта бастады. Десе де, оларға бірқатар санитарлық талапты сақтауға тура келеді. 

Мешіттер кешкі сегізге дейін ғана ашық

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дүйсенбіден бастап бүкіл мешіт ашылмайтынын ескертті. Облыстарда мешіттер коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес ашылады.

Мешітте санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға рұқсат етіледі.

Қазақстан мұсылмандары мына талаптарды орындауы тиіс:

  • мешітке маска және қолғап киіп келу;
  • антисептик қолдану;
  • жеке құлшылық кезінде 1,5 метр ара қашықтықты сақтау;
  • Құран оқитын бөлмеге 1,5 метр ара қашықтықты сақтай отырып, он адамнан артық кірмеу;
  • неке қидыратын бөлмеге төрт адамнан артық кірмеу.

Сонымен қатар, мешіт ішінде он бес минуттан артық қалуға болмайды.

Індеттің таралуына жол бермес үшін әзірге жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма намазы мен тарауық намазына шектеу қойылып отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды

Мешіттер есігін айқара ашқанмен, қазақстандықтар Қадір түнін үйде қарсы алады. Себебі мешіттер түнде жабық, тек күндіз таңғы  07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық болады.

Биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге түсіп тұр.

Балабақшалар қалай жұмыс істейді

Бір апта бойы коронавирус жұқтыру өсімі 7%-тен аспаса, өңірлерде балабақшаларды ашуға рұқсат етіледі. Өткір респираторлық вирустық инфекциясы бар бүлдіршіндер балабақшаға кіргізілмейді.

18 мамырдан Нұр-Сұлтанда мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі қайта жанданды. Балабақшалар, бірінші кезекте, жұмыс істейтін, баламен үйде отыруға мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін ашылып отыр.

Әрбір балабақшада бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтар ашылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Балабақшаға денсаулығы туралы анықтамасы бар бүлдіршіндер ғана қабылданады. Анықтаманы учаскелік педиатор береді. Балабақшада ата-анасының көзінше баланың дене қызуы өлшенеді.

Тағы оқыңыз: Балабақша мен мектепке қабылдауға қатысты өзгерістер жарияланды 

Егер бала карантин кезінде үйде қалса, онда оның мектепке дейінгі ұйымдағы орны сақталады. Ата-аналар тәрбиешіге баланың балабақшаға баратынын бір күн бұрын хабарлауы тиіс.

18 мамырдан арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық және педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету бөлмелері, оңалту орталықтары санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Ерекше қажеттілігі бар баланың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі және жаңа оқу жылына баратын балаларға арналған оқу бағдарламасы анықталады.

Балабақшалар штатты режимде 1 маусымнан бастап жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Мейрамханалар мен дәмханалар да ашылды

18 мамырдан қонақ үйлер, 30 орындық қоғамдық тамақтану орындары мен ашық аспан астындағы мейрамханалар мен дәмханалардың қызметіне рұқсат берілді. Десе де, олар республиканың барлық өңірінде дүйсенбіден бастап ашылмайды. Мәселен, Алматы әкімдігі эпидемиологиялық ахуалға байланысты мешіттер, қонақ үйлер мен тамақтану орындарын 25 мамырдан ашуды жөн көрді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін - әкімдік мәлімдемесі

Кәсіпкерлер барлық қызметкер мен қонақтар үшін қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді қамтамасыз етуге міндетті. Қызметкерлер жеке қорғаныш құралдарымен: маска, қолғап, қажет болған жағдайда, бас киім және халатпен қамтамасыз етілуі тиіс.

Адамдар арасында екі метр ара қашықтық сақталуы қажет.

Сонымен қатар, қонақ үйлер, мейрамханалар мен дәмханалардың кіреберісінде антисептик тұруы керек.

818
Кілт сөздер:
мешіттер, мейрамханалар, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (397)
Бойжеткен, иллюстративті фото

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр видео

2
(Жаңартылды 20:10 28.05.2020)
Азия Бергер Флорида штатында Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрады. Лекси, Ари деген бір әпке, бір сіңлісі бар. Колледжде өнер саласында оқиды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Азия Бергерді 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған. Қазақстанның Семей қаласында туған бойжеткен биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Бұл жайында ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында айтты.

Азияның айтуынша, биологиялық ата-анасы Құралай және Қуат Ашқановтар есімді жұп. Бойжеткен 2000 жылы дүниеге келген, 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

"Аты-жөнім – Asia Berger. Бұл есімді Америкадағы ата-анам қойған. Шын есімім – Салтанат Ашқанова. Мені Қазақстанның Семей қаласынан 16 ай кезімде асырап алған. Өзімнің биологиялық ата-анамды табамын деп шешім қабылдадым. Тегім – Бергер, бірақ біз неміс емеспіз. Әкемнің ата-бабасы, туыстарының неміске қатысы болуы мүмкін", - дейді бойжеткен сұхбатында.

Азия Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжеде өнер саласында оқиды.  

"Мен Флоридада Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрамын. Ол жерге бала кезімде баратынмын. Лекси, Ари деген бір әпкем, бір сіңлім бар. Үйде ортаншы баламын. Колледжде өнер саласында оқимын. Біз бір-бірімізбен өте жақын араласамыз, бірге қыдырамыз", - деді ол отбасы жайлы.

Айтуынша, америкалық ата-анасы асырап алғанын жасырмаған.

"Мені асырап алғанын сұрастырып білген жоқпын. Оны бұрыннан білетінмін. Әкем Нью-Йоркте Бруклинде туып өскен. Анам Орталық-батыста туған. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылықтар байқалатын. Ата-анам асырап алғаны жайлы жасырған емес", - дейді ол.

Азия сұхбат барысында үйінде Қазақстан жайлы кітаптың көп екенін айтты.

"Барлық жағынан ашық сөйлесе білеміз. Әкем туған жерін білуді маңызды деп санайды. Әсіресе, үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімді біле бермеймін, алайда ата-анамның маған көмек көрсетіп жатқаны үшін ризамын", - дейді бойжеткен.

"Қазақстан жайлы ешқашан жаман пікірде болған емеспін. Себебі туған ата-анамның өз қиындығы болған шығар. Одан бөлек асырап алынған барлық баланың атынан да сөйлей алмаймын, әр адамның өз қиындығы, өмір тәжірибесі бар. Сол туралы ойлаған кезде туған ата-анама деген өкпе-реніш те, сағыныш та жоқ, - дейді ол.

Бойжеткен биологиялық ата-анасының өткен өмірін білмей тұрып, оларды талқылай алмайтынын айтты.

"Менің америкалық ата-анам көп саяхаттайды. Әртүрлі елді, мәдениетті көрген кезде бірден үйренісе алмайды. Мен де Қазақстанға барсам, дәл солай мәдени шок алуым мүмкін", - дейді Азия Бергер.

2
Кілт сөздер:
видео, Америка, бала асырап алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты 
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды
Банк картасы, иллюстративті фото

Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

21
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

"Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді", - деді Сәкен Сәрсенов.   

Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді 

Қазір "Қазпошта" қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін "Әлеуметтік карта" жобасы қолға алынған.

"Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз", - деп толықтырды "Қазпошта" басшысы.

Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.

"Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз", - деді Сәрсенов.

2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.

21
Кілт сөздер:
Қазпошта
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы