Қоғам

Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуQR-код
QR-код - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді Kaspi мобильдік қосымшасындағы QR-код арқылы төлеуге болады

АЛМАТЫ, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстанда салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді төлеудің жаңа тәсілі іске қосылды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді мемлекеттік қызмет үшін төлем жасау үшін Kaspi.kz мобильдік қосымшасындағы QR-кодты сканерлеуге болады. Бұл үшін комиссия алынбайды.

Kaspi арқылы төлем жасау

Қызмет үшін eGov, elicense.kz сайттарында және халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарында немесе салық төлеуші кабинетінде төлем жасауға болады.

Парақшада "QR-code - Kaspi.kz" дегенді таңдап, Kaspi.kz мобильдік қосымшада сканерлеу керек.

Еске сала кетсек, бұдан бөлек мемлекеттік қызмет үшін карта, электронды әмиян немесе мобильдік баланс арқылы төлем жасауға болады.

Жаңалықтар
0