Архивтегі фото

Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді

211
Денсаулық сақтау министрлігі карантиннің жеңілдетілгенін ескеріп, жедел штабтарға бақылауды күшейтіп, рейдтік тексерістер өткізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстан өңірлері коронавирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді. Өсім деңгейі төмен облыстарда карантиндік шаралар жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз өңірлерді үш топқа бөлдік. Өсім деңгейі 7%-тен асатындар, өткен аптада олардың саны біраз болды. Олар Ақтөбе, Түркістан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары. Екінші топта вирус жұқтыру өсімі 7%-тен төмен өңірлер, олар Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Үшінші топта өсім 5%-тен төмен, олар Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары", - деді Сұлтанғазиев денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен тікелей эфирде.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әзірге алынбайды – денсаулық сақтау министрлігі 

Министрлік карантиннің жеңілдегенін ескеріп, жедел штабтарға бақылауды күшейтіп, рейдтік тексерістер өткізуді ұсынған.

Ол өткен тәулікте елде 283 адамда коронавирус диагнозы расталғанын атап өтті. Өсім 4,6%-ті құраған. Олардың дені, яғни, 187 науқас скрининг кезінде анықталды.

69 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған. 18 адам тұмау белгілері байқалғандықтан, өздері жүгінген.

"4%-і бұл сырттан келгендер, негізінен, Ресейден. Қырғызстан мен Өзбекстаннан да аздап бар",  - деді комитет төрағасы.

Айтуынша, бір аптадағы ахуалға көз жүгіртсек, өсім қарқыны 2 мен 5 процент аралығында құбылады, індетке шалдыққандардың 80%-і скрининг аясында анықталған.

 

211
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (390)
Тақырып бойынша
ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты
Алматы облысында бақылау бекеттерін алып тастайды: өңірде тағы не өзгереді
Қазақстанда бір тәулікте 283 адам коронавирус жұқтырды
Дәмханалар, мешіттер мен балабақшалар ашылды: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Қазақстан ресми түрде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеушілердің қатарына енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік қызметтер үйінде болды

Індет жұқтырғандар саны артып барады Тоқаев

10
(Жаңартылды 08:42 26.05.2020)
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалаларда тұрғындар карантин шараларын сақтамай жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар карантинді сақтауы үшін үкімет пен жергілікті билік шара қабылдауы керек деп санайды.

"Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Ол көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті екенін атап өтті.

"Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет", - деп түйіндеді президент.

Оқи отырыңыз: Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты

Еске сала кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланып, 11 мамырға дейін созылды. Қалалар мен облыстарда карантин алынған жоқ, бірақ жеңілдетілді.

Коронавирустың таралу қарқынына қарай жергілікті билік карантин шараларын жеңілдету немесе қатаңдату бойынша шешім қабылдап жатыр. Дүйсенбіде COVID-19 індетінің өсімі төмен (2 процентке дейін) өңірлерде сауда және ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар мен дәмханалар ашылып жатқаны белгілі болды.

10
Кілт сөздер:
індет, карантин, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (390)
Тақырып бойынша
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Көк Жайлау

Көк Жайлауда сауық кешін ұйымдастырғандарға қатаң шаралар қолданылады

127
Қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізіп, кінәлі тұлғаларды жазалауды тапсырды

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде Көк Жайлауда өткен жаппай сауық кешіне қатысты түсініктеме берді.

"Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Қандай да бір шара өткізуден бұрын ол жерге кіруге де тыйым салынған. Ол жерде болған адамдар өздерінің ғана емес, жан-жағындағылардың да өмірін өлімге тікті. Сондай-ақ, олар тауда қоқыстарын қалдырып кетті. Ол шараға рұқсат берілмеген, санитарлық норма сақталмаған", - деді ол брифинг барысында. 

Сонымен қатар Қожағапанов Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын қаулысы бар екенін атап өтті.

"Аталған адамдарға қатысты қала әкімі полиция департаментінің басшысына тиісті тергеу жүргізуге нақты тапсырма берді. Олардың барлығын анықтап, әкімшілік жаза, қажет болса, қылмыстық жаза қолдану керек", - деді ол.

Сонымен қатар қала прокуроры табиғатты қорғау прокурорына осы жағдайды шешу жөнінде тапсырма берді.

Бұған дейін экология министрлігі Алматыдағы Көк Жайлау тауында сауық кешін өткізгендерге 100 АЕК немесе 277 800 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл салынған ер адам автокөлік жанында түскен фотосын әлеуметтік желіге жүктеген болатын.

Карантин кезінде Алматы тауларындағы сауық кеші

24 мамырда Алматы қаласында енгізілген карантинге қарамастан, ерекше қорғалатын аумақта азаматтар ойын-сауық кеші мен түнгі кино көрсетілім ұйымдастырған. Қазіргі кезде "Көк Жайлаудағы кино түнін" ұйымдастырушылар іздестіріліп жатыр.

 

О

127
Кілт сөздер:
карантин, "Көк Жайлау" курорты
Тақырып бойынша
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?