Түрме

"Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді

293
(Жаңартылды 16:21 19.05.2020)
Бұған дейін Қостанай облысындағы 161/3 колониясында он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында "Қара бүркіт" түрмесіндегі сотталғандардан коронавирус анықталса, олар колония ішінде емделеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр колонияның 19 қызметкерінде коронавирус диагнозы расталғанын атап өтті. Бірақ, олар сотталғандармен байланыста болмаған. 

"Бәрі оқшауланды, қазір түрменің жанындағы провизорлық төсек-орын дайындалған арнайы орынжайда жатыр. Олар колония аумағына кірмеген, сотталғандармен байланыста болмаған", – деді Бюрабекова тікелей эфирде.

Бірақ, егер сотталғандар коронавирус жұқтырса, олар Қазақстанның барлық азаматы секілді хаттамаға сәйкес ем алады.

"Олар үшін колония ішінде провизорлық төсек-орын ұйымдастырылады", – деді вице-министр.

19 мамырда Қостанай облысында қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде он тоғыз қызметкердің вирус жұқтырғаны хабарланды. Олардың 11 – ер адам, 8-і – әйел.

Оқи отырыңыз: "Қара бүркітте" 19 адамда коронавирус инфекциясы расталды

Бұл мекемені халық арасында "Қара бүркіт" деп атап кеткен. Ол жерде аса қатаң режим енгізілген. Колонияда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді.

293
Тақырып бойынша
Ермегияевтің бар жағдайын жасаған түрме басшысы мен орынбасары қамауға алынды
Таразда бұрынғы түрме бастығы жеті жылға сотталды  
Жынысын өзгерткен трансгендер қыз түрме қызметкеріне күш қолданбақ болды
"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды
ЕКПА сессиясы: қысым, түрме және кәсіпке сенім туралы
Kazpost постаматы, архивтегі фото

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы

4
(Жаңартылды 17:12 28.05.2020)
Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов курьерлік қызмет арқылы ақша табуға болатынын мәлімдеді. Оған кез келген адам қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, кей кезде сәлем-сауқат көп келеді. Әсіресе, күзде және жаңа жылдың алдында халық интернет арқылы тапсырыс жиі жасайды. Осындай уақытта Қазпоштаның қызметкерлері бәрін уақытында жеткізуге үлгермей жатады. Осыған байланысты алдағы уақытта курьерлік қызмет арқылы басқа адамдарға ақша табуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.    

"Мысалы, қазір Яндекс Таксиге кез келген адам тіркеліп, ақша таба алады. Сол сияқты біз де курьерлік қызметті ұсынамыз. Кез келген адам біздің жүйемізге қосылып, бос тұрған сәлем-сауқаттардың бар екенін көре алады. Соны жеткізгені үшін ақша алады. Жақын арада осындай қызметті іске қосамыз", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа қызмет арқылы студенттер мен жұмыссыздар табыс таба алады. Ал курьерлік компаниялар бос отырған қызметкерлеріне қосымша тапсырыс беріп отырады.

4
Кілт сөздер:
табыс, "Қазпошта"
Астана прокуратурасы

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

172
(Жаңартылды 16:19 28.05.2020)
Сот-медициналық сарапшылар анықтағандай, қоғам белсендісінің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан прокуратурасы қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу қоғам белсендісі көз жұмғанға дейінгі оқиғалардың хронологиясын жасады.

"Ағаділ ешқайда кетпеу туралы қолхаттың талаптарын орындамай, тергеу органдарынан жалтарған күдікті болатын, оған іздеу жарияланды. Осы себептерге байланысты сот бұлтартпау шарасын қамауға алмастырды. Осылайша, сот шешімін орындаған полиция қызметкерлері Ағаділді ұстау және оны қамауға алуды заң аясында жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ағаділдің өлімінің себептері мен мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санаттағы кардиологтан құралған комиссия жеті тексерді.

Олардың қатарында белсендінің жақын туыстарының өтінішімен тартылған сарапшылар да болды.

Ағаділдің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған, қан тамырларының жиырылып, түйілуінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына толығымен жетпеген.

Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Тағы оқыңыз: Ағаділдің өлімі: прокуратура мәйіттегі жарақат іздерін түсіндірді

"Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілген. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

172
Кілт сөздер:
прокуратура, қылмыстық іс