Кісен, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда 40 млн теңге айыппұл төлей алмаған экс-басшы жеті жыл түрмеде отырады

1180
(Жаңартылды 18:49 21.05.2020)
Теміржол ұйымының бұрынғы басшысы қырық миллион теңге айыппұлдың тек 6,8 миллион теңгесін төлеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы теміржол ұйымының бұрынғы басшысына қатысты үкім өзгертілді. 40 миллион теңге айыппұл төлей алмаған ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ақмола көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның бұрынғы шенеунігі тағайындалған айыппұлдың орнына 7 жыл бас бостандығынан айырылды", -делінген хабарламада.

Ақмола көлік прокуратурасы Нұр-Сұлтан қаласы теміржол ұйымының бұрынғы басшысына қатысты үкімді орындау бойынша құжаттарды зерделеді.

2018 жылы экс-басшы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны және бірнеше рет пара алғаны үшін сотталған. Оған 40 миллион теңге айыппұл салынған.

Тағы оқыңыз: Қазақстан әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшыcы алты жылға сотталды

Алайда 2019 жылдың қаңтарында елорданың Сарыарқа ауданының №2 соты сотталушының өтінішімен үкімнің орындалуын бір жылға кейінге шегерді.

"Бұл мерзім өткенімен, сотталушы айыппұлды толық төлей алған жоқ. Тек 6,8 миллион теңгесі өтелді. Көлік прокуроры араласқаннан кейін ғана аудандық соттың 2020 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен сотталушының  қылмыстық айыппұлы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды", - деді баспасөз қызметінен.

Бұрынғы басшы соттың шешіміне шағым түсірген, бірақ ол қанағаттандырылған жоқ.

Сот актісі күшіне енді.

1180
Кілт сөздер:
ҚТЖ, айыппұл, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қарағандыда мұғалім 11 жылға сотталды
Ұлттық тестілеу орталығындағы шу: Жақсыбеков 7 жылға сотталды
Арқалықта колледж директоры сотталды
Басынан теуіп, темір құбырмен ұрған: Шымкентте әскери қызметкер сотталды
Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Александр Мясников

Бұрынғы КСРО елдерінде коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші төмен

59
(Жаңартылды 23:14 02.06.2020)
Дәрігер Мясников өлім-жітімнің төмен көрсеткішін КСРО-да медицинаның ерекше болуымен байланыстыра түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Белгілі ресейлік тележүргізуші, Жадкевич атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау жөніндегі ақпарат орталығының өкілі Александр Мясников Sputnik арнайы онлайн-видеокөпірі кезінде шын мәнінде коронавирустың қалай дамитынын және неліктен Италия, Испания және АҚШ-тағы қайғылы жағдайлардың посткеңестік елдерде қайталанбағанын айтып берді.

КСРО құрамына кірген көптеген елде коронавирус індетінен болатын өлім-жітім көрсеткішінің әлемдік деңгейден әлдеқайда төмен болуы ғалымдар мен дәрігерлерді таңғалдырып отыр. Coronavirus-monitior.ru сервисінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша олардағы өлім деңгейі Өзбекстандағы 0,4% -тен Литвадағы 4,23% -ке дейінгі аралықта құбылады. Ал Италия мен Ұлыбританияда бұл көрсеткіш –14%, Францияда – 15%, Бельгияда – 16%.  

Оқи отырыңыз: Қазақстан коронавирустың екінші толқынынан қалай сақтанып жатыр 

"Саясаткерлер, білікті дәрігерлер қазір бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне үңіле бастады, - дейді дәрігер Мясников. – Ауыр науқастар мен қайтыс болғандардың саны эпидемияның қазіргі жағдайын көрсетеді. Ал бұрынғы КСРО-ның барлық елінде өлім-жітім деңгейі төмен. Неліктен екенін бағамдау қажет. БЦЖ-ның (КСРО-да кеңінен қолданылған туберкулезге қарсы вакцина) пайдасы тиген болуы мүмкін, айтпақшы, қазірдің өзінде зерттеу жүргізіліп жатыр – америкалықтар шағын топтарға БЦЖ еге бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да: "Мәселе БЦЖ-ға иммундық жауапта болуы мүмкін, бірақ әзірге оны ұсынбаймыз" деді". 

Мясников посткеңестік елдер халқының иммунитеті коронавирусқа төзімді екенін айта келе, бұл жағдайдың бұрын туберкулез инфекциясын жұқтыру деңгейінің жоғары болуымен байланыстырылуы мүмкін екенін болжады.

"Кейбір ғалымдар жасырын туберкулездің таралу деңгейінің жоғары болуы иммундық жүйенің өзгеруіне әкеледі, сондықтан коронавирус үлкен қарсылыққа кезігеді" деп болжап жатыр, – дейді сарапшы. – Бірақ біз орыстар, белорустар, украиндар, қазақтар неліктен америкалықтардан, француздардан және италиялықтардан он есе аз өлетінін анықтауымыз керек. Мәселенің басын ашу керек".  

59
Кілт сөздер:
КСРО, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды
Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді
Қазақстандық әкім коронавирус жұқтырды
Қазақстанда алған коронавирус анықтамасы ЕАЭО елдерінде жарамсыз – бас санитар дәрігер
Митинг, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және мүгедек баласы бар аналар пәтер талап етті

70
Коронавирус пандемиясына және бұқаралық шараларға тыйым салынғанына қарамастан, балалы әйелдер елорданың орталығына жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik.Кем дегенде елу әйел пәтер беруді талап етіп, рұқсат етілмеген митингіге шықты. Наразылық білдірушілер – көпбалалы және мүгедек балалардың аналары, кейбірі кәмелетке толмаған баласын өздерімен бірге алып келді.

Sputnik Қазақстанға қала әкімдігі хабарлағандай, әйелдер күндіз министрліктер үйінің жанында, содан кейін жағалауда жиналған, кейін полициямен бірге Республика даңғылына қарай бет алды.

Блогер және Қазақстандағы MMA қозғалысының негізін қалаушы Анатолий Ким жағалаудан трансляция жүргізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANATOLIY KIM (@kazmma)

"Бізге пәтер беруді талап етеміз. 27 мамырда балам қайтыс болды, сал ауруымен ауырды, ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрдық. Балам қайтыс болған кезде мені кезектен шығарып жіберді. Басқа балам жоқ", - деді наразылық білдірушілердің бірі Роза.

Сондай-ақ, адамдар күн көру қиындап кеткеніне шағымданып, жәрдемақыны көбейтуді талап етті.

"Бізге ешкім келмеді" деген әйелдердің сөзін әкімдік өкілдері теріске шығарып, келіссөз жүргізгендерін айтты.

Сондай-ақ митинг болған жерге тәртіп сақшылары келді. Олар ешкімді ұстап әкеткен жоқ.

Оқи отырыңыз: Бұдан былай бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ – Тоқаев 

Айта кету керек, митингіге байланысты елордалық Арбат шұғыл жұмысын тоқтатты, қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысушылар мен музыканттар үйлеріне кетті.

Қазақстан президенті 25 мамырда бейбіт митингілер өткізу туралы заңға қол қойды. Жиналыстан 5 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарлануы керек.

Бейбіт митингілер өткізу туралы заң 6 маусымда күшіне енеді.

70
Кілт сөздер:
баспана, мүгедек, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Тоқаев митинг туралы заңға қол қойды
Митингке шыққысы келетін қазақстандықтар нені білуі тиіс
Тұрғымбаев: Митингіге шығатындар бейбітшілік басты құндылық екенін түсінбейді
Министрдің орынбасары полиция белсенділерді үйден ұстап әкетпейтінін айтты
"Жауыз қылып бітірдік": депутат митингте "адамдарды сүйреп әкететіндер" туралы айтты