Дәрі-дәрмек

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 

604
(Жаңартылды 20:10 21.05.2020)
Бүгінде коронавирусты емдеу бойынша арнайы хаттама бар. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрігер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр - Sputnik. "СК-Фармация" ЖШС төрағасы Берік Шәріп коронавирус жұқтырған науқастарға қандай дәрілердің берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы бірқатар препарат бар. Соның бірі - "Алувиа". "Лопинавир"  да бар. Оны "Ритонавирмен" бірге қолданады. Осы препараттарды ВИЧ-инфекциясы бар науқастардың вирустық жүктемесін азайту үшін де қолданып отырады", - деді Шәріп бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, бүгінде коронавирусты емдеу бойынша арнайы хаттама бар. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрігер енгізілді. Биыл ақпан айында "СК-Фармация" компаниясы "Алувиа" препаратының 10 мың данасын сатып алған. Себебі оны вирусқа қарсы кеңінен пайдаланады. Онымен бірге "Гидросихлорохин" мен "Хлорохинфосфат" жеткізілді. 

"Қазір "Фавипиравирді" де алып келдік. Осы препараттың барлығы клиникалық хаттамаға сай қолданылады. Денсаулық министрлігі тарапынан "Ремдесивир" препаратын алып келуге өтініш болған. АҚШ-та оны клиникалық зерттеуден өткізіп жатыр. Бұл дәріні әлі тәжірибеден өткізуде. Ол әлі сатылымға түскен жоқ. Басқа препараттардың барлығы бізде бар", - деп атап көрсетті Шәріп.

Компания басшысы коронавирусқа қарсы препараттардың гуманитарлық көмек ретінде жеткізілгенін де айтты. Мәселен, Жапониядан "Фавипиравирдің" 12 мың таблеткасы жіберілді. Бұдан бөлек, отандық "Абди Ибрахим Глобал Фарм" компаниясы Түркиядағы әріптестері арқылы "Хлорохинфосфаттың" 100 мың таблеткасын алып келді. Sandoz компаниясы да "Гидросихлорохин" дәрісінің біраз бөлігін жеткізді.

604
Кілт сөздер:
дәрі, коронавирус, Қазақстан
Тақырып бойынша
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды – ҚМДБ
"Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
Архивтегі фото

Коронавирус инфекциясын бір тәулікте 209 адам жұқтырды  

7
(Жаңартылды 09:49 25.05.2020)
Ресми ақпарат бойынша өткен жексенбіде республикада COVID-19 коронавирусына шалдығу өсімі 2,5 процент болған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 8531 адамға дейін артты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты 

Өткен тәулікте 209 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 2,5% құрады.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – 37 (1,7%),
  • Қарағанды облысы – 33 (5,9%),
  • Жамбыл облысы – 33 (12,7%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,0%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 28 (7,3%),
  • Атырау облысы – 12 (1,4%),
  • Павлодар облысы – 10 (5,6%),
  • Ақтөбе облысы – 6 (2,2%),
  • Қызылорда облысы – 6 (2,1%),
  • Алматы облысы – 4 (1,4%),
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4 (6,5%),
  • Қостанай облысы – 2 (1,7%),
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%),
  • Маңғыстау облысы – 1 (0,6%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 8531. Індеттен 4352 адам сауығып шығып, 35 адам қайтыс болды. 

7
Кілт сөздер:
инфекция, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды
Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған науқас қайтыс болды
Астаналықтар әлемдік антирейтингте көш бастап тұр
Маңғыстау облысында 25 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдетіледі
Қазақстанның мектептерінде соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді
Планшет, архивтегі фото

Қазақстанның мектептерінде соңғы қоңырау онлайн режимде өтеді

47
Оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін шараның жаңа форматы коронавирус пандемиясына байланысты енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимінде қоштасып, жазғы демалысқа шығады. 

Биыл мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін дәстүрлі соңғы қоңыраудан бас тартылды.  

20 мамырда Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуына арналған мерекенің жаңа форматы енгізілгенін хабарлады.

Сағат 11.00-де республикалық телеарналардың эфирінде Білім және ғылым министрлігінің басшысы құттықтау сөз сөйлейді, содан кейін әр сыныпта қашықтық форматында сынып сағаты өтеді.

Оқи отырыңыз: Білім басқармасы 1-сыныпқа қабылдау тәртібін түсіндірді 

Мұғалімдер оқу жылын қорытындылағаннан кейін мектеп оқушыларының ресми жазғы демалысы басталады.

Биыл салтанатты шараға 11-сынып оқушылары ғана қатысады. 3-4 маусымда мектеп аулаларында әр сынып үшін жеке аттестат тапсыру рәсімі өтеді.  

Түлектер мерекеге бір немесе екі ата-анасымен келе алады. Биыл мектептің аяқталуын мерекелеуге арналған басқа дәстүрлі шаралардың барлығына тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық оқушылар коронавирус пандемиясына байланысты төртінші тоқсанда қашықтықтан оқыды. Түлектер қорытынды емтиханды тапсырмайды, аттестатқа қорытынды жылдық баға қойылады.

Биыл Қазақстанда 150 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында дәстүрлі форматта өтеді.  

47
Кілт сөздер:
түлек, мектеп
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматыда білім саласына қатысты бірқатар шешім қабылданды
Жаңа қаулы: астаналықтарға карантинде не істеуге рұқсат етілді, ал неге тыйым салынды
Білім министрі қашықтықтан оқытудың артықшылығын атады
Соңғы қоңырау болмайды, балабақшалар ашылмайды – Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері
Соңғы қоңырау кезінде түлектерге қандай талаптар қойылады