Архивтегі фото

Қазақстанда індетті бір тәулікте 363 адам жұқтырып алды

158
(Жаңартылды 09:20 22.05.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 7597 адамға жетті. Өткен тәулікте өсім 5,0%-ті көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 363 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өсім 5,0% болған.

Өңірлер бойынша:

  • Қарағанды облысы – 130 (43,3%),
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 54 (3,8%),
  • Алматы қаласы – 35 (1,8%),
  • Шымкент қаласы – 31 (6,1%),
  • Атырау облысы – 25 (3,1%),
  • Алматы облысы – 24 (10,1%),
  • Түркістан облысы – 20 (8,2%),
  • Ақтөбе облысы – 9 (3,9%),
  • Қызылорда облысы – 9 (3,4%),
  • Батыс Қазақстан облысы – 8 (2,3%),
  • Ақмола облысы – 7 (5,2%),
  • Жамбыл облысы – 7 (3,2%),
  • Қостанай облысы – 3 (2,7%),
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 7597. Індеттен 3843 адам жазылып, 35 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады 

 

158
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (847)
Тақырып бойынша
Табыс күрт азайды: Қазақстанның әуе тасымалына мемлекет қандай қолдау көрсетеді
Нұр-Сұлтанда құрылыс нысаны карантинге жабылды
Теңіздегі коронавирус: кен орны іркіліссіз жұмыс істеп жатыр
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Алматыда COVID-19 табылған науқастардың жартысынан көбі емделіп шықты
"Қазмедиа орталығы" ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді
Апатты тұрғын үй, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі

5
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында ескі үйлерге барып, тұрғындардың шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі.  

 Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар. Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады 

Сарыарқа ауданының Бесшатыр көшесі, 8 мекенжайында тұратын тұрғындар 2019 жылдың күзінде елорда әкімімен кездескеннен кейін ауданда бірқатар мәселенің шешілгенін айтты. Асфальт төселіп, кәріз мәселесі шешімін тапқан.

Қазіргі таңда апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесі қалып отыр, "Үй көз алдымызда қирап жатыр. Қыста көппәтерлі үйді көмірмен жылытамыз. Үй суық", - дейді тұрғындар.  

"Қалада 125 апатты үй бар. Осы үйдің барлық тұрғыны жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Биыл 800-ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.   

Тағы бір сүрілетін үйдің тұрғанына 90 жыл болыпты (Алтынсарин көшесі). Сондай-ақ, темір жолдың жанындағы барак типтес үйлер бұзылады.

"Вагон рельстен шығып, біздің үйімізге жақын жерде құлап кеткен жағдайлар да болды. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз", - деп шағымданды тұрғындар.  

5
Кілт сөздер:
елорда, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады
Ибрагимова неліктен жаңа үйге ғана ипотека берілетінін түсіндірді
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты
Алматы қаласындағы жол көлік оқиғасы

Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды

39
(Жаңартылды 10:32 25.05.2020)
Алдымен блок бекетке, содан соң полиция экипажына соқтығысқан BMW автокөлігінің 28 жастағы мас жүргізушісі мас болған

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда Көксай шағын ауданындағы блок бекетте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екінші полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6-да болды. 28 жастағы мас жүргізушінің басқаруындағы BMW автокөлігі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан 42 жастағы полицей Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

"Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенімен, ол есін жимастан көз жұмды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, BMW жүргізушісі мас болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қыздың әкесі. 

Жангазиев Жарас Султангазиевич
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы

Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен. Үйленген, бір қыздың әкесі. 

Сержант полиции Абдыканов Дастан Маратжанулы
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
39
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото