Армения нөмірі тағылған көлік

Армян көліктерінің мәселесі: президент кеңесшісі қабылданған шешімді түсіндірді

221
(Жаңартылды 16:43 22.05.2020)
Қазақстанда армениялық нөмірі бар көлік иелеріне 11 мың теңге төлеп уақытша тіркеу ұсынылды. Енді олар машинаны толық тозғанға дейін пайдалана алады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі, экономист Олжас Құдайбергенов Армениядан келген машиналарды тіркеу мәселесін шешетін жаңалықты егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экономист пікірінше, Армениядан әкелінген көліктер үшін аса тиімді болмаса да, автокөлік иелерінің 85 процентіне оңтайлы шешім қабылданған.

"Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген сол жақ рөлді көліктерді уақытша тіркеуге қойып, нөмір алу үшін бар-жоғы 11 мың теңге төлеу жеткілікті. Оларды биыл 1 қыркүйекке дейін уақытша тіркеуден өткізу керек. Осы уақытша тіркеу бастапқы тіркеу мен баж салығы және утилизациялық алым төлемей-ақ, машинаны толық тозғанға дейін пайдалануға мүмкіндік береді", – деп жазды Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бірақ бұл шешім автокөлік иелеріне оны өз атынан шығаруға құқық бермейді. Яғни, көлікті өз атыңнан шығару тек Арменияға кері сатқан жағдайда ғана мүмкін болады. Немесе барлық алымдар мен төлемдер төленіп, тұрақты тіркеуге қойылады.

"Уақытша тіркелген көліктегі армян нөмірлерінің бәрі сақтауға тапсырылады. Елден кеткісі келген жағдайда бастапқы нөмірлерін қайтарып алады. Сондай-ақ, уақытша тіркеуге алынған көліктердің бәрінде 18-ші аймақ нөмірі көрсетілмейді, тек сары түсті нөмір беріледі. Көлік иесінің тұрғылықты жері бойынша тіркелген техникалық құжатпен өзгеге сенімхат беріп, шетелге де саяхаттай аласыз. Жалпы алғанда бұл ымыралы шешім болды", – деп түсіндірді экономист.

Олжас Құдайбергенов мұндай шешімге көптеген автокөлік иелері қанағаттанғанымен, кейбіреулер әлі де күмәнданатынын айтады. Біршама уақыттан кейін барлық төлемді төлетуге мәжбүрлейді деп санайтындар да жоқ емес.

Армян көліктерінің иесі салықты қалай төлейді

Құдайбергенов кейбір көлік иелері екі елге де салық төлеймін деп ойлайтынын атап өтті.

"Шын мәнінде, армениялық көлік иелері 2020 жылға арналған салықты Арменияға, ал Қазақстанда тек келесі жылдан бастап төлейді. Өйткені жыл соңына қарай тиісті қаулы қабылданады деп күтілуде", – дейді ол.

Оң жақ рөлді көліктердің мәселесі не болады

Армениядан әкелінген автомобильдердің 15 проценті, яғни оң жақ рөлді көліктердің мәселесі шешілмеген күйі қалды.

"Бұл мәселеде үш шешім бар – рөлді сол жаққа ауыстырып (бұл көлікті қауіпсіз ететініне сенім жоқ), уақытша тіркейді, шетелге қайта сатады немесе қосалқы бөлшек үшін бұзып сатады. Қалай болғанда да, мәселенің толық 100 процент шешілмеуі оны қайта қарауға мәжбүрлейді", – деп жазды Олжас Құдайбергенов.

Армениядан қанша көлік әкелінді

Экономист Армения ЕАЭО құрамына 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгеннен кейін автомобильдер импорттала бастағанын еске салды. Өйткені, 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған өтпелі кезеңге байланысты бағаның айырмашылығы болған.

"Арменияға автокөліктерді өз бажымен импорттауды жалғастыру үшін бес жыл уақыт берілді. Бұл бағаның айырмашылығын тудырғандықтан Қазақстан азаматтары сол жақтан көліктерді импорттай бастады. Алғашқы кездерде бірлі-жарым болатын. Ал 2019 жылы көлікті импорттау белсенділігі артты (бірінші жартыжылдықта 20%, ал екінші жартысында 70%)", – деді Құдайбергенов.

Оқи отырыңыз: Көлікті тіркеу мәселесі: Армения мен Қырғызстанға қайта бару керек пе?

Оның айтуынша, 14 мың қазақстандыққа берілген техникалық сертификатпен елге 22 мың көлік әкелінген.

Еске сала кетсек, жыл басында ішкі істер министрлігі Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автомобильдердің иелерін көлікті тіркеуге шақырды. Бұл автокөлік жүргізушілерінің наразылығын тудырды. Кейін мемлекет басшысы Бас прокуратураға жағдайға құқықтық баға беруді тапсырды.

221
Кілт сөздер:
ЕАЭО, Армения, автокөлік
Тақырып бойынша
Вице-министр қазақстандықтар армениялық көлікті қалай сатып алатынын айтты
Армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Ақша, тиын

42 500 теңге ала алмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады: не істеу керек

7
(Жаңартылды 11:19 25.05.2020)
Әлеуметтік төлем тағайындалмаған азаматтар аудандық немесе қалалық штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беруі қажет

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем тағайындалмаған азаматтардың өтінішін қайта қарау тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің тағайындалмағанымен келіспейтін азаматтардың өтінішіне байланысты төлем тағайындау қағидаларына түзетулер енгізді",- делінген хабарламада.  

Бұған дейін әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерді қайта қарау үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен қоса тиісті өтініш беру қажет.

Өтінішті кім береді:

  • Жұмыс беруші тарапынан – шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері үшін. Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін беріледі.
  • Өз бетінше – әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (тоқтату) туралы  шешім қабылданған жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндер.

Растайтын құжаттар тізімі:

Қызметкерлері үшін құжат тапсыратын жұмыс берушілер үшін:

  • жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар;
  • жұмыс берушінің төтенше жағдай кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банк шоттарының көшірмесін қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа құжаттар);
  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).
  • ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
  • мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (мемлекеттік кірістер комитетімен салыстыру үшін, 200 нысан);
  • кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттар (банк шоттарының көшірмесін қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептілік, бухгалтерлік баланс және басқа да құжаттар).

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндер:

  • заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт.

Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб  әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар-жоғы туралы қорытынды шығарады.

Тағы оқыңыз: Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алады

"Оң қорытынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне беріледі, ол "өтініш берушінің электронды іс макетін" қалыптастырып, деректерді мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалына береді. Филиал әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды", - деп хабарлады министрлік.

Егер өтініш беруші аудандық/қалалық штабтың қорытындысымен немесе сақтандыру қоры филиалының шешімімен келіспесе, ол растайтын құжаттармен облыстық штабқа жүгіне алады.

Карантинді ескеріп, халық көп жиналмау үшін өтініштер 1 желтоқсанға дейін қаралады.

7
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, әлеуметтік төлем
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Үш миллионға тарта адам 42 500 теңгені екінші рет алды
Төтенше жағдай аяқталған соң 42 500 теңгені қалай алуға болады
42 500 теңгені алғандарға мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Төтенше жағдай аяқталды: министр 42 500 теңгеге өтініш беру туралы айтты
Апатты тұрғын үй, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден көшіріледі

23
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында ескі үйлерге барып, тұрғындардың шағымын тыңдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі.  

 Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар. Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқи отырыңыз: 2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады 

Сарыарқа ауданының Бесшатыр көшесі, 8 мекенжайында тұратын тұрғындар 2019 жылдың күзінде елорда әкімімен кездескеннен кейін ауданда бірқатар мәселенің шешілгенін айтты. Асфальт төселіп, кәріз мәселесі шешімін тапқан.

Қазіргі таңда апатты тұрғын үйлерді бұзу мәселесі қалып отыр, "Үй көз алдымызда қирап жатыр. Қыста көппәтерлі үйді көмірмен жылытамыз. Үй суық", - дейді тұрғындар.  

"Қалада 125 апатты үй бар. Осы үйдің барлық тұрғыны жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Биыл 800-ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.   

Тағы бір сүрілетін үйдің тұрғанына 90 жыл болыпты (Алтынсарин көшесі). Сондай-ақ, темір жолдың жанындағы барак типтес үйлер бұзылады.

"Вагон рельстен шығып, біздің үйімізге жақын жерде құлап кеткен жағдайлар да болды. Балаларды далаға жіберуге қорқамыз", - деп шағымданды тұрғындар.  

23
Кілт сөздер:
елорда, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
"Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады
Ибрагимова неліктен жаңа үйге ғана ипотека берілетінін түсіндірді
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты