Архивтегі фото

Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды

3737
(Жаңартылды 11:08 25.05.2020)
Алдымен блок бекетке, содан соң полиция экипажына соқтығысқан BMW автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі мас болған

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда Көксай шағын ауданындағы блок бекетте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екінші полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6-да болды. 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы BMW автокөлігі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан 42 жастағы полицей Жалғас Жанғазиев жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

"Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенімен, ол да есін жимастан көз жұмды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, BMW жүргізушісі мас болған. Қазіргі кезде оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қыздың әкесі. 

Старший лейтенант Жангазиев Жарас Султангазиевич
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы

Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен. Үйленген, бір қыздың әкесі. 

Сержант полиции Абдыканов Дастан Маратжанулы
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
3737
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

1800
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

1800
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

22
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

22
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді