Қоғам

Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевТест на коронавирус
Тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте Атырау облысында 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде үш жасар қыз бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Үш жасар бүлдіршіннің Covid-19 вирусын жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында тағы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Міндетті скрининг кезінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысынан вирус табылды.

"Бұдан бөлек, тағы үш науқас анықталды. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары тұрғыны. Ал үшіншісі үш жасар бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамға жетті. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

Жаңалықтар
0