Алматыдағы блокбекетте апат болды

Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  

2522
Дастан Абдықановтың әйелі апатқа кінәлі ер адам құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері деген ақпаратты жалған деп отыр. Айтуынша, мас жүргізуші қылмыс жасау кезінде полицияда қызмет еткен және марқұм күйеуімен жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Алматыда блокбекеттегі апат салдарынан көз жұмған полицей Дастан Абдықановтың әйелі істі тергеу туралы айтты.

Келіншек блокбекетті соққан жүргізуші полицияда жұмыс істеп жүрген адам екенін айтты. Марқұмның жесірі оны жақсы таниды екен.

"Кінәлі жүргізуші полицияда қызмет етпейді деген өтірік. Ол құқық қорғау органдарында істеп жүрген адам болатын. Менің күйеуіммен түнгі ауысымға шығатын. Мен оларға түнге тамақ пісіріп беретін едім. Күйеуімнің әріптестерінің түрін танимын. Өтінемін, шындықты айтыңыздар, тамаша әке мен отағасын өлтірген қылмыскерді бүркемелемеңіздер. Марқұм жандардың абыройына нұқсан келтірмеңіздер", - деді қаза болған полицей Дастан Абдықановтың жұбайы ZTB-ға. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz)

Күйеуінің өлімінен кейін әйел жалғызбасты ана атанды. Бір ай бұрын жас отбасының шаңырағында ұл бала дүниеге келген.

Алматыдағы жантүршігерлік апат

Трагедия 25 мамырда Көксай шағын ауданындағы №4 блокбекетте болды. BMW тізгіндеген мас жүргізуші алдымен бетон қоршауға, кейін патрульдік көлікке соқтығысты. Қызметтік автокөліктің ішінде екі полицей отырған.

Ауыр жарақат алған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында жан тапсырды. Ал әріптесі Дастан Абдықанов өте ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда қаза болған полицейлерді марапаттады 

Әлеуметтік желілерде блокбекетті соққан жүргізушінің полиция қызметкері екені жазылды. Полиция департаменті Sputnik Қазақстанға мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Көп ұзамай, 26 мамырда полиция апатқа кінәлі ер адам шынымен де құқық қорғау органдарында қызмет еткенін мойындады.

Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің айтуынша, ол полицияда алты жыл жұмыс істеген, қызметтік міндетін дұрыс орындамағаны үшін төрт рет сөгіс алып, жұмыстан қуылған.

Екі және одан да көп адам өлтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады).

Қазір күдікті қамауға алынды.

2522
Кілт сөздер:
полицей, мас, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

2891
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

2891
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы
Президент: шілде айына 42 500 теңге төленеді
Декретте отырған аналарға 42 500 теңге төлене ме?
42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады
Зерхана қызметкері

Пневмония коронавирус статистикасына қосыла ма Қазақстан ДДҰ жауабын күтіп отыр

31
(Жаңартылды 14:50 15.07.2020)
Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың меңгерушісі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына атипиялық пневмонияны коронавирус жұқтырғандар статистикасына қосуға қатысты сұрау жолдады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз қазір халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ДДҰ-ның ұсынымы бойынша статистикаға ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар ғана кіреді", – деді Бюрабекова онлайн брифингте.

Ол Қазақстан пневмонияны коронавирус статистикасымен біріктіруге қатысты ДДҰ-ға сұрау жібергенін айтты.

"Жуырда сұрау жолдадық, ДДҰ-ның жауабын күтіп отырмыз. Келіссөздер арқылы есепке алынуы тиіс деректерге қатысты шешімге келеміз. Әр елдің статистика мен есепке алуға қатысты өз жолы бар. Біз соны біріздендіріп, барлық елмен қатар жүргіміз келеді", – деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Дәрігер денсаулық министрлігінің тағы бір қателігін айтты

Бұған дейін Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев бейнеүндеу жолдап, қазіргі коронавирус статистикасына атипиялық пневмонияны да кіргізу қажеттігін айтқан еді.

31
Кілт сөздер:
науқастар, статистика
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
"Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады
Алматылық дәрігер Covid-19 жұқтырғандар саны қашан күрт азаятынын болжады
"Сенеді деп ойлаймын": алматылық дәрігер үрейлі хабарлама таратты
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Оркестр, архивтегі сурет

Қазақстанда 16 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

0
(Жаңартылды 15:37 15.07.2020)
Sputnik Қазақстан 16-17 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)

19 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 - "Астана Опера" театрының "От Севильи до Неаполя" концерті

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
оқиғалар, шілде, Қазақстан