Блок бекет

Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты

656
Ол аймақтар ішіндегі блок бекеттердің эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірте-бірте алып тастай бастағанын атап өтті

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова блок бекеттердің алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, барлығы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

"Карантин режимін жеңілдету жағдайға байланысты кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Қуанышқа орай, әуе рейстері арқылы қатынайтындар автобус және көлікпен жүретіндерге қарағанда аз. Бұл – бір. Екіншіден, біз аймақтардағы жағдайға қараймыз", - деді Айжан Есмағамбетова.

Бас санитардың айтуынша, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдай түзелген жоқ, сол себепті қазақстандықтар қалалар арасында көлікпен емін-еркін жүре алмайды.

"Бір өңірде науқастар көп тіркелді, бір аймақта науқастар саны аз. Қалалар арасында инфекцияны қосымша тасымалдау болмас үшін осындай шаралар қажет. Бірінші кезеңде әуе рейстерін қостық, екіншісінде теміржол қатынасы қосылды. Келесі кезеңде аймақтар арасындағы блок бекеттер алынып тасталуы мүмкін", - деді бас санитар дәрігер.

Есмағамбетова аймақтар ішіндегі блок бекеттердің эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірте-бірте алып тастай бастағанын атап өтті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы 8 969 адамнан табылды, оның ішінде 4 560 адам сауығып, 35 адам қайтыс болды.

656
Тақырып бойынша
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Есмағамбетова науқаспен байланыста болғандарға қатысты өзгерісті атады
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
"Өте ауыр жағдайға түсеміз": мұнай саласының маманы коронавирустың салдары туралы айтты 
Нұр-Сұлтан әкімдігі қызметкерлерді қысқартады
Денсалық сақтау министрі Алексей Цой

Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті

5
Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "белгісіз пневмония" туралы мәлімдемеден кейін Қытай елшісімен сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала, елші мен жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой – Sputnik) арасында телефон сұқбатын ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді",– деді Ашықбаев онлайн брифингте.

Айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен.

Жуырда Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

5
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Қазақстан-Қытай шекарасы неге жабылатыны белгілі болды
Комитет Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Маска, термометр және тест: Қытай Қазақстанға жүк жөнелтті
Дәрігер, архивтегі фото

Аза тұту күні дәрігерлерді көшеге шығару бастамасын кім көтергені белгілі болды

26
(Жаңартылды 13:08 15.07.2020)
Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді, деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық аза тұту күні дәрігерлердің көшеге шығып, бір минут үнсіздік рәсімін өткізуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрлігі пандемия құрбандарын еске алу құрметіне флешмоб өткізуді ұсынған жоқ. Бұл әрбірінің азаматтық парызы деп ойлаймын. Дәрігерлерді көшеге шығару туралы бастаманы медицина қызметкерлерінің қауымдастығы көтерді", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Бюрабекова онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видеоға түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі тек санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырған.

Вице-министр флешмоб үшін жазалау орынсыз деп санайды. Себебі бұл азаматтардың өз бастамасы.

"Олар қайтыс болғандарды құрметпен еске алды, сондықтан, менің ойымша, бұл ретте жазалау мәселесі көтерілмеуі керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 шілде Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Қаралы күні Шымкентте дәрігерлер жол бойына шығып, бір минут үнсіздік рәсіміне қатысқан. Әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды.

26
Кілт сөздер:
аза тұту, дәрігерлер
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әкімдік жұрттың наразылығын тудырған видеоға түсініктеме берді
Орны толмас қайғы - Қазақстан бір-екі апта ішінде кімдерден айырылды
Бұл сұмдық трагедия – президент кеңесшісі Қазақстандағы жағдай туралы айтты
Тоқаев бірнеше дәрігерді қайтыс болғаннан кейін марапаттады
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды