Қоғам

Екі полицей отырған көлікті әдейі соққан болуы мүмкін – заңгер

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаушы Жангелді Сүлейменов блок бекетте жасалған қылмысты тергеу жұмыстарында бір шикілік бар деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Алматының іргесіндегі блок бекеттердің бірінде болған жантүршігерлік апатқа қатысты тың дерек шықты.

Екі полицейді өлтіріп, тағы біреуін ауыр жаралады деген күдікпен ұсталған жүргізушіге қатысты заңгердің айтар өз уәжі бар, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Мен тергеу жұмыстарында бір шикілік бар деп санаймын. Қылмыстық кодекстің 99-бабында қылмыс белгілі бір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Демек ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есеп бермеді", - дейді қорғаушы Жангелді Сүлейменов.

Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты

Естеріңізге сала кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

"Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Бүгін миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр", - дейді № 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Жаңалықтар
0