Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, архивтегі сурет

Мұнай саласында үш жарым мың адам жұмыссыз қалды министр

517
(Жаңартылды 14:49 27.05.2020)
Мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныстың төмендеуі қызметкерлердің жұмыссыз қалуына себеп болып отыр

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Мұнай компанияларында 3,5 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл жайында халыққа есеп беру барысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жұмыссыз қалуына мұнайға деген сұраныстың төмендегені әсер етіп отыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, мұнай сервисі саласында үш жарым мыңға жуық адам жұмыссыз қалды. Мемлекет қызметкерлер санының одан әрі қысқармауы үшін бар күш-жігерін жұмсайды", – деді министр.

Ноғаев маусымның соңына дейін ТШО мен басқа да сервистік компания қызметкерлерінен жалақы төленетінін айтты.

"Сонымен қатар мемлекет жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау және салық төлеуге жеңілдік беру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Мұнай сервистік компаниялар осы шараларды пайдалана алады", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Вирус салдарынан қанша адамның жұмыссыз қалатыны айтылды

Айта кетейік, Қазақстан мұнай өндірісін өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке азайтуды жоспарлап отыр. Демек, 2020 жылы елімізде 86 миллион тонна мұнай өндіріледі.

517
Кілт сөздер:
жұмыссыздық, жұмысшылар, жұмысшы, жұмыс, мұнай өңдеу зауыты, мұнай
Тақырып бойынша
"Ата-анасы жұмыссыз" Министр 5 баласы бар отбасыны мысалға келтірді
Министр коронавирус салдарынан жұмыссыз қалған адамдарға не істеу керектігін айтты
Денсаулық сақтау министрі жұмыс тәртібіне қатысты кеңес берді
Қазақстанда қанша жас жұмыссыз жүр?
 "Алты ай төлемақы алуға болады": Министр жұмыссыз қалғандарға кеңес берді
Air Astana ұшағы

Қазақстандықтар 26 қыркүйектен бастап Мәскеуге ұша алады

1
Барып-келу үшін билетке 91 800 теңге төлеу керек. Бірінші рейсті 26 қыркүйек күні Air Astana әуе компаниясы орындайды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. 26 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан – Мәскеу (Домодедово) бағыты бойынша әуе рейстері қайта жанданады. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі жолаушылардың Boeing 767 әуе лайнері арқылы ұшатынын хабарлады.

Әуе компаниясының ресми хабарламасына сәйкес, алғашқы ұшақ сенбіде ұшады, ал кейінгі рейстер тек сәрсенбіде орындалады. Билет құны екі жаққа 91 800 теңгеден басталады.

Компания рейсті тек Ресей мен Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана пайдалана алатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды 

Әуе компаниясының мәліметінше, Ресейге барған шетел азаматтары ұшудан 72 сағат бұрын ПТР-тест тапсыруы қажет.

Ресейліктер келген кезде сауалнама толтырып, келген сәттен бастап үш күн ішінде тест тапсыруы керек. Ресей астанасы арқылы үшінші елге транзитке уақытша тыйым салынған.

Билеттерді Air Astana ресми сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Қазақстан үшін кейбір елмен тұрақты рейстер, сондай-ақ эвакуациялық рейстер ашылды.

Тұрақты халықаралық рейстер

21 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан тікелей әуе қатынасын қайта бастаған елдердің тізіміне Беларусь, Германия, Египет (чартерлік рейстер), Қырғызстан, Нидерланды, БАӘ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея кіреді.

Украинаға тұрақты рейстер аптасына екі рет орындалады, бірақ қазақстандықтарға кіруге шектеу қойылған.

1
Кілт сөздер:
ұшақ, Нұр-Сұлтан, Мәскеу
Тақырып бойынша
Қырғызстанға ұшуға рұқсат берілді: алғашқы рейске билеттер сатылып кетті
Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті
Қазақстаннан Ресейге ұшатын рейстерге билет сатып алғанда нені білу керек?
Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды
Мәжіліс депутаттары

Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті

1185
(Жаңартылды 18:36 22.09.2020)
Депутат минималды жалақы және тағы басқа төлемдерді есептегенде ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты шартты көрсеткіштерден бас тартуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік төлемдерді белгілегенде тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз зейнетақы, минималды жалақы және тағы басқа төлемдерді есептегенде ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты шартты көрсеткіштерден бас тартуымыз қажет. Бұны талай рет айтқанбыз. Ең төменгі айлық көрсеткіш деген не? Бұл – ауадан алынған цифр", - деді Перуашев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Депутат 42 500 теңге төлеуге қатысты тың ұсыныс жасады

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік төлемдерді санағанда тұтынушылық қоржынды есепке алу қажет. Оған бір адамға жететін минималды азық-түлік жиынтығы, коммуналдық шығындар және қоғамдық көлікке кететін ақша кіреді.

"Өркениетті елдерде тұтынушылық қоржынға мәдени демалыстың шығындары да кіреді. Мысалы, театрға баруға кететін ақша бар. Бұдан бөлек, киім-кешек алу қажет. Осының бәрін есептесек, еліміздегі нақты күнкөріс деңгейін шығара аламыз", - деп атап өтті Перуашев. 

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдардың өздері белгілейтін ең төменгі айлық көрсеткіштің салдарынан көптеген азамат кедейшілік шегінен аса алмай жатады. Бұны 42 500 теңгені тарату науқаны ашық көрсетті. Миллиондаған адам ақшалай көмекке зәру болып қалды.

"Сондықтан осындай ең төменгі айлық көрсеткіш сияқты абстрактылы ұғымдардан бас тартуымыз қажет. Оны нақты өмір сүру деңгейі мен талаптарына сай келтіру керек", - дейді Перуашев.

1185
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, жәрдемақы, зейнетақы, Азат Перуашев
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Экономист баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын алуға рұқсат беруді ұсынды
Қазақстанда кімдерге алғаш рет 830 мың теңгеден төленетіні белгілі болды
Көпбалалы аналар 153 миллиард теңге жәрдемақы алды - еңбек министрлігі
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады