Алакөл, архивтегі сурет

Алакөлге пойыз қай кезде қатынай бастайды

176
(Жаңартылды 17:45 29.05.2020)
Алакөл 19 маусымда ашылады деген жоспар бар. Оған дейін қосымша пойыздар да қатынайтын болады. Теміржол билеттерінің бағасы өзгерген жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр - Sputnik. "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы Алакөлге пойыздардың қашан жүретінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтары жақын арада шетелге демалу үшін шыға алмайтын сияқты. Осыған байланысты біз Алакөлге баратын бағдарлардың бәрін ашуды жоспарлап отырмыз. 1 маусымнан бастап Достық станциясына екі пойыз қатынайтын болады", - компания басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте.  

Оның айтуынша, 10 маусымнан кейін басқа пойыздар да жүре бастайды. Ал Алакөлдің өзі 19 маусымда ашылады деген жоспар бар. Оған дейін қосымша пойыздар да қатынайтын болады. Теміржол билеттерінің бағасы өзгерген жоқ. Тарифтер сол күйінде қалды. 

"Одан кейін біз динамикалық баға қою жүйесін алып тастадық. Бұған дейін жолаушы билетті 45 күн бұрын алғанда бір баға болса, пойыздың шығуына екі күн қалғанда билеттер басқа бағамен сатылатын. Енді, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда ондай тарифтер болмайды", - деп атап көрсетті Әлмағамбетов.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап Қазақстанда ішкі теміржол қатынасы ашылады. Бірінші кезеңде пойыздардың жартысы жүреді.

Вокзалға тек бетпердемен және билетпен ғана кіргізеді. Ал адамдар арасында арақашықтық сақталуы шарт. Пойыздарда мейрамхана-вагондар жұмыс істемейді. Жол-жөнекей тамақ та сатылмайды. Сондай-ақ, вагондар арасында жүруге тыйым салынады. Ал жолаушылар тек өз орнында ғана отыруы шарт, ешқайда шықпайды. Бұның барлығын жол серіктері бақылап отырады. 

Пойызбен жүретін жолаушыларды барған жерінде карантинге алмайды. Олар емін-еркін жүре алады.

 

176
Кілт сөздер:
пойыздар, Алакөл
Тақырып бойынша
Қазақстанда блок бекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады
"Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды
Қазақстан қандай мемлекеттермен әуе қатынасын жандандырады
Кинотеатрлардың қашан ашылатыны белгілі болды
Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

57
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

57
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

28
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

28
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті