Қазақстан туы фонындағы адамдардың сұлбасы

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

16324
Өңірлер арасында блокбекеттер алынып, пойыздар мен автобустар қайта жүре бастады, туристік маусым басталды

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. 1 маусымнан бастап Қазақстанда карантинді жеңілдетудің жаңа кезеңі басталды. Қазақстандықтарға ел ішінде емін-еркін жүріп тұруға рұқсат етілді, бизнестің барлық дерлік саласы жұмысқа кірісті. Осы және басқа да өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Блокбекеттер алынды

1 маусымнан бастап облыстар мен қалалар ашылды, блокбекеттер алынды. Екі жарым ай бойы республика бойынша 400 блокбекет жұмыс істеген еді.

Енді қазақстандықтар жеке көлігімен қалаған елді мекеніне бара алады. Десе де әкімдіктер мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің шешімімен коронавирус таралған ошақтарда аймақтық блокбекеттер сақталуы мүмкін.

Қалааралық автобустар қатынайды

Бесінші маусымнан бастап қалааралық автобустар жолға шығады. Вирустың таралуына жол бермеу мақсатында көліктерде жаңа қауіпсіздік ережелері қарастырылған.

  • жолаушылар арасында кемінде бір метр ара қашықтықты сақтау;
  • автобустарда дезинфекция жүргізу;
  • жолаушыларды салонға тек маскамен кіргізу;
  • жүргізушілерді бетперде және қолғаппен қамтамасыз ету және оларды әр екі сағат сайын ауыстыру;
  • автопарк қызметкерлері екі аптада бір рет коронавирусқа тест тапсырып тұруы қажет.

Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолияға баратын халықаралық рейстер осы елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай жанданады.

Пойыздар қайта жүреді

1 маусымнан теміржол қатынасы жанданады. Жолаушылар пойыздарын іске қосу үш кезеңнен тұрады. Билеттер 15 мамырдан бері сатылады.

Бірінші кезеңде - 1 маусымнан бастап - 54 пойыз қатынайды. Олардың бесеуі – "Тальго", 31 – стандарт,  18 – қала маңы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда вокзалдар қалай жұмыс істейді

Екінші кезеңде, 10 маусымнан бастап тағы 39 пойыз қосылады: алтауы – "Тальго", 14 – стандарт, 19 – қала маңы.

Үшінші кезеңде, мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеуінің алынуына қарай, 15 пойыз жүре бастайды деп жоспарланған. Оның ішінде Ресей, Өзбекстан және Қытайға қатынайтын пойыздар бар.

Вокзалға тек бетпердемен және билетпен кіргізеді. Ара қашықтық вокзалда ғана емес, вагонның ішінде де сақталуы шарт. Жолаушылардың дене қызуы үнемі өлшеніп тұрады.

Пойыздарда мейрамхана-вагондар жұмыс істемейді, жол-жөнекей тамақ та сатылмайды. Сондай-ақ, вагондар арасында жүруге тыйым салынған.

Бүлдіршіндер балабақшаға барады

Бүгіннен бастап балабақшалар жұмысын қайта бастады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім ұйымдарында кезекші топтар ашылады. Бір топта бала саны 15 адамнан аспауы тиіс.

Ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар да ашылды.

Фитнес орталықтар мен кинотеатрлар

1 маусымнан бастап фитнес орталықтар мен СПА қызметі жанданады. Бассейндер әзірге жабық.

Тағы оқыңыз: Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

Мәдениет және спорт нысандары да бүгіннен бастап ашылады.

Кинотеатрларға санитарлық талаптарды сақтап 15 маусымнан бастап жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Ел ішінде демалуға болады

1 маусымнан бастап бірқатар өңірде туристік маусым басталады. Қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен жағажайлар ашылды.

Ел ішінде демалатын туристерден коронавирус табылмағаны туралы анықтама талап етілмейді. Ал туристік жолдама сатып алған ата-аналардың 15 жасқа толмаған балалары ұшақпен тегін ұшады.

Алакөлде демалғысы келетіндер үшін 2 маусымнан бастап пойыздар қатынайды:

Күнара қатынайтын пойыздар:

  • №22/21 "Қызылорда – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Алматы – Достық" пойыздарының вагондары;
  • №121/122 "Нұр–Сұлтан – Семей" және №6941/6942 "Ақтоғай – Достық" пойыздары құрамындағы "Нұр-Сұлтан – Достық" пойыздарының вагондары;

12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 "Нұр-Сұлтан – Достық" пойызы жүреді.

"ҚТЖ" компаниясы курорт бағытына сұраныс өссе, қосымша вагондар бөлуге дайын екенін хабарлады.

ҰБТ-2020

3-4 маусым күндері мектептерде қазақстандық түлектерге аттестат табысталады. Салтанатты шара мектеп ауласында ұйымдастырылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығына жоспарланған. Биыл емтиханға 130 мыңнан астам бала қатысады деп күтілуде.

ҰБТ сұрақтарына төртінші тоқсанның бағдарламасы енбейді.

Астық пен ұн экспорты жанданады

1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеген болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кімдер тегін ұша алатыны белгілі болды

Төтенше жағдай кезінде астық пен ұнды республика аумағынан шығаруға шектеу қойылған еді. Мұндай шара елдің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұн экспортын ай сайынғы квота аясында жүзеге асырды.

Банк шотынан ақша шешіп алу шектелді

1 маусымнан бастап Қазақстанда заңды тұлғаларға банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға шектеу енгізілді.

Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банктегі шоттардан шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның шекті сомасын белгіледі:

  • шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 миллион теңге;
  • орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге;
  • ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.

Шектеудің қолданыс мерзімі – осы жылдың соңына дейін.

Шектеу кімдерге қатысты емес

  • жеке тұлғаларға;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • микрокәсіпкерлік субъектілеріне;
  • ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімін, балық өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;
  • тамақ өнімдерін, сусын, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға;
  • екінші деңгейлі банктерге;
  • "Қазпошта" АҚ;
  • банктік емес ақша айырбастау пунктеріне.
16324
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, ҰБТ, маусым, өзгерістер
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

30
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

30
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

24
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

24
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті